Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Жасөспірім жазасы немесе «селфхарм» туралы не білеміз?

22.04.2022
ҰЛТ ҰЯТЫ
Жасөспірім жазасы немесе "селфхарм" туралы не білеміз?

 Қазір дамыған заман, адамға қажетті игіліктің барлығы бар. Соған сай адамдардың да түсінік, пайымы жоғары болуы шарт. Солай бола тұрса да көп нәрсенің байыбына бармайтынымыз, шолақ ойлап, бар нәрсені морт сындыратынымыз, кей жағдайда бір-бірімізді түсіне алмай жататынымыз жасырын емес. Ата-ана мен бала, ер мен әйел, туған-туыс арасында жанжал жиі орын алып тұрады. Ол балаға тікелей әсер етеді. Қазіргі жастардың, әсіресе жасөспірімдердің психологиясы өте әлсіз. Отбасындағы, мектептегі, достар арасындағы түрлі жағдайды көтере алмайды. Одан соң өз-өзін жазалаудың түрлі әдістерін ойлап табады.

   Халықаралық бизнес университетінің педагог-психологы, психоанализ бағытындағы психотерапаевт Саламат Момынованың айтуынша, қазіргі таңда жастардың өзін-өзі жазалауының түр-түрі белең алуда. Соның бірі – селфхарм. Ол не десеңіз, жанның жарасының тәннен танылуы. Яғни, әртүрлі формада денені зақымдау арқылы көрінетін агрессия. Ол «аутоагрессия» деп те аталады. Бұл адамда ішкі агрессия болған жағдайда денені кесу, соққы жасау, күйдірумен байланысты көрініс табады. Суицидтің белгісі ретінде сипатталатын аутоагрессияның мақсаты – өзін қинау арқылы ата-анасын, жақындарын жазалау. Сол себепті кез-келген ата-ана, мұғалім баланың жан-дүниесіне үңіліп, әрекеттеріне мән беруі керек.

Егер сіздің алдыңыздағы бала өз қолын шымшып, шашын жұлып, тырнағын тістейтін болса, бұл дабыл қағарлық мәселе. Ол өзінің ішкі күйін айналасындағыларға түсіндіре алмайтын болған соң өз-өзіне зақым келтіреді. Оның сорақылығы қайшы, ұстара, пышақ алып өз-өздерін кесіп тынатындығында. Бірде алдыма бір оқушы келді, ұзын көйлек киіп, аяқ-қолдарындағы жарақаттарын жасырып алған. Онымен сөйлесе келе өзіне дене жарқаттарын салып, соны жасыру үшін  қымтанып алғанын түсіндім. Қазір бұл мектеп оқушылары арасында кең таралған жайт. Тіпті оны қызық көріп, бір-біріне «Мен өзіме осыны жасадым, батырмын» дегендей  мақтанышпен айтады. Өйткені, олар осылайша өздерінің ішкі жанайқайын жеткізбек болады. Бұл аутоагрессияны дер кезінде қолға алып, емдемесе суицидке апарады.

   Мұндай жағдайда баламен жұмыс істеу жолдары көп. Адамның бойына даритын ең құнды нәрсе – сөз. Сөз арқылы баланың сана-сезіміне әсер ете аламыз. Ең бірінші, адамды сөзбен емдеуіміз керек. Қиналып тұрған бала қашанда белгі береді. «Маған қарашы, көмектесші, түсінші» деп тұрады. Өзіне назар аудартқысы келеді. Бала сабақта отырғанда шимақтап сурет салуы, мұғалімді тыңдамауы, әртүрлі әрекеттер көрсете бастауы мүмкін. Бұл «маған көңіл аудар» дегені. Ондайда «Сен неге олай жасайсың?» деп кінәлай қарап емес, оны жасауына не себеп болды деп түбіне үңіліп, түсінуге тырысуымыз керек. Ауырып тұрған жерін одан сайын сыздатпай, оның әлі де сау, ұстап қалуға болатын жанының құндылығына зер салу қажет.

   Екіншіден, адамның көз жанарына үңілу керек. Көз ешқашан алдамайды. Қиналып жүрген бала отбасы туралы немесе жанды жеріне тиер әңгіме айтқанда көзіне жас алып қалады.

   Үшіншіден, адамның жан-дүниесіне үңілу қажет. Баланы сөйлете білу керек. Адам ішіндегісін шығарғанда ғана әжептәуір жеңілдеп қалады.

   Агрессияның екі түрі бар, сыртқы және ішкі агрессия. Сыртқы агрессия болса жақсы, оның сипаты бар, немен жұмыс жасау керектігін білесің. Ішкі агрессия қиын, оның кімге, қалай, не үшін бағытталатыны анықталмаған. Көптеген мәселе ата-анадан бастау алады. Бала отбасында бойына жинағанын достарына, жақындарына, ұстаздарына көрсетеді. Демек, ата-ана тәрбиесі баладан көрінеді. Қазір әртүрлі отбасы бар. Онда түрлі жағдай, күйзелістер орын алуда. Жабулы қалпында ашылмай жатқан дүниелер бар.

   Ал селфхарм қайдан шығып жатыр десеңіздер, оның өзегі анимациялық фильмдер мен мультфильмдерде жатыр. Онда баланың санасын улайтын әртүрлі нәрселер көрсетіледі. Мен де зерттей келе бір жынысты махаббатты насихаттайтын мультфильмдердің бар екенін анықтадым. Онда қыз бен қыздың, жігіт пен жігіттің құшақтасып жүруін қалыпты жағдай ретінде көрсетеді. Бұған біздің жастар да қызығушылық танытып отыр. Өйткені, алдымызға ондай жастар көптеп келеді. Мұндай балалармен қалай жұмыс істеу керек дегенге келсек, оларды айыптаудан аулақ болуымыз керек. Өйткені, оның түкпірінде не жатқанын білмейміз. Бізді табиғат әйел не еркек қылып жаратты ма, демек, біздің өзіндік жауапкершілігіміз бар. Соны саналы түрде балаға жеткізуіміз керек. «Сен не істеп жүрсің, мұның масқара, ұят» десеңіздер, балаға көмектесе алмайсыздар. Оны онсыз да жазғыратындар көп. Мүмкіндігінше не себеп болғанын анықтап, сол бойынша жұмыс жасап, балаға саналы түрде түсіндіру керек.

   Селфхармды насихаттайтын анимациялық мультфильмдер де бар. Адам өлген соң қанат болып ұшады да, топ етіп қайта жерге түседі. Оған бала тұрмақ үлкен адамдардың өзі сеніп қалады. Күйзеліске түскен адам тіпті де сенеді. Сондықтан баланың не көріп жатқанын үнемі бақылауда ұстаған жөн. Анимафильмдерді насихаттайтын сайттардан бас тартқан абзал.  Бұл ретте «Сен не көріп жатсың? Қане, берші маған телефоныңды» деп қолындағысын сілкіп тартып алу арқылы емес, «Қызым, қандай қызықтар болып жатыр екен? Қандай фильм көріп отырсың?» деп сырласу, бірлесе көру арқылы баланың ішкі әлеміне ене аласыз.

   Ата-ана, ұстаз болсын, баланың намысына тиетін сөздер айтып, жөнсіз кінәламау керек. Жасөспірімдердің өз-өзіне қол салуы неге көбейіп жатыр десек, оған отбасындағы түсінбеушілік, жетіспеушілік, материалдық жағдайдың төмендігі себеп. Біз баланың мойнына кейде шамадан тыс жүк артып қоямыз. Өмірден түңілген, өзін-өзі жек көретін ата-аналар бар, олар балаларын қалай жақсы көрсін? Тіпті алдымызға келгенде балаларын ұрғысы келіп отырады. Ата-ананы да жазғыра алмаймыз. Әртүрлі әлеуметтік жағдай әсер етіп, балалық шағынан қалған жан жаралары да болуы мүмкін. Кейде баладан бұрын ата-ананы аяп кететін кездер де болады.

   Адам маған көмек бер деп айтпайынша біз көмектесе алмаймыз. Бірақ, балалармен етене жұмыс істеу арқылы ішкі дүниесіне еніп, жан-жарасының емін таба алсақ, оның салдарына емес, себебіне үңілсек көмек бере аламыз, – деді бізбен әңгімесінде Саламат Набиқызы.

Қазір жасөспірімдер арасында өзекті болып тұрған бұл жайт баланың ертеңіне алаңдайтын ата-аналарды да, ұстаздарды да бей-жай қалдырмасы анық. Өткен жылы облысымызда кәмелетке толмағандар арасында 4 жасөспірім өзіне-өзі қол салып, өмірмен қош айтысса, суицид жасауға талпынған 9 жағдай тіркелген. Бұл алаңдатарлық жағдай. Болашағымыз болып табылатын жастардың қателікке бой алдырып, ертеңгі күні бәрімізді өкіндірер әрекетке бармасы үшін баланың жан-дүниесіне үңіліп, дос болып, сырласып, түсіністік танытуды ұмытпағанымыз абзал.

Алма ЕСЕНБАЙ,
Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025
Кәсіпкерлікті  қолдау ілгерілеу жолы

Кәсіпкерлікті қолдау ілгерілеу жолы

24.06.2025
Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

24.06.2025
Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

24.06.2025
Ауыл ардақтылары

Ауыл ардақтылары

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.