Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ АКАДЕМИГІ НҰРМОЛДА АЛДАБЕРГЕНОВКЕ 115 ЖЫЛ ТОЛДЫ

19.12.2021
ЖАНСАРАЙ
АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ АКАДЕМИГІ НҰРМОЛДА АЛДАБЕРГЕНОВКЕ 115 ЖЫЛ ТОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Биылғы Нұрмолда атамыздың мерейтойы Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен тұспа-тұс келді. Біз бұған өте қуаныштымыз. Дана халқымыздың «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген нақыл сөзі өте орынды айтылған деп білемін. Қазақ топырағында туған алып тұлғалардың есімін, еліне сіңірген ерекше еңбегі мен үлгілі ісін насихаттау, оларды ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдыру – біздің перзенттік парызымыз.

Табиғатынан алғыр, еңбекқор Нұрмолда атамыз өзінің саналы ғұмырында «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанып, шаруашылық өндірісін дамытып, ұдайы алдыңғы қатардан көрінді. Қазақстандағы ұжымшар құрылысын өркендетуге, жаңалықтарды өмірге енгізуге, ауыл мәдениетін көтеруге, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға Нұр-атаның қосқан үлесі ұшан теңіз. Ол ұрпаққа өнеге, таусылмайтын жыр. Ұзақ таңға мүдірмей айтатын дастандарға арқау боларлық алып тұлға.

Нұр-ата Отанын, туған жерін сүйген, рухы жоғары, еңсесі биік адам еді. «Ердің атын ел  шығарар, елдің атын ер шығарар» деп дана халқымыз айтпақшы, кезінде Н. Алдабергенов атамыз туған жері туралы былай деген екен: «Ақ сәлделі Алатау төбесінен төнген күн, төсінде Балқашы жылтыраған, омырауында ілесіп аққан, шіркін, Жетісуым, шынында да жер жаннаты ғой! Менің осы кең-байтақ құтты мекенімді, өзім шыр етіп дүниеге келген туған елімді, асқаралы Алатауымды ән ғып өтер ем, әттең, дауысым жоқ, бірақ, ол ән менің көкірегімде сайрайды, құлағымнан кетпейді».

Туған жеріне, еліне деген шын пейілімен айтқан атамыздың осы асқақ арманы, жүрекжарды ақ тілеуі әр уақытта халқымен бірге жасап келеді, жасай да беретініне кәміл сенемін. 1941-1945 жылдары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, елге жеңіспен оралған Нұр-ата жұмысқа қызу кірісіп кетеді, жерлестері оны қайта бастық етіп тағайындайды.

Данагөй атамыздың дарынды басшылығы кезінде ұжымшар экономикасы жақсарып, ел тұрмысы түзеледі. Ауылшаруашылығы дақылдарының, әсіресе, қант қызылшасының өнімі еселеп артады. Нәтижесінде, Ұлы дала еңбеккерінің даңқы бүкіл одаққа жайылады. Міне, осылайша мінезіне сіңген сабыр мен ұстамдылық арқасында халқының аса қадірлі азаматына айналды. Еліне деген ізгілікті іс-әрекеттері оның абыройының асқақтауына жол ашты.

Нұр-ата шет елдерде болған сапарында өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп, олардан көрген жаңалықтарын қалт жібермей қабылдап, оны жергілікті тұрмысқа бейімдеп, батыл енгізіп отырды.

«Жақсыдан шарапат» деп халық бекер айтпаған. Нұр-ата еселі еңбекке құлшындыра білумен бірге адамдардың адал атқарған ісін байыппен бағалап, жоғары мән берген және оларды өсуіне қамқорлық жасап, қолдап жүретін еді.

Замандастары Ә.Дайыров, А.Нұрманбетов, Ә.Мүсәпіров, С.Ноғайбаева, Қ.Тергеуова, Қ.Есболатова, Ф.Гайоворонская, М.Терлікбаев, Н.Жидебаева, Т.Айдарбекова, Б.Әсімбаев сынды бір Шұбар ауылынан 19 «Алтын жұлдызды» адамның шығуы ақпейіл басшының аялы алақанымен болғанын бәріміз білеміз. Нұр-ата жүрегінде оты бар өжет оқушыларды мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ айыра білген, оларды ұжымшар есебінен оқытып, білімді маман болып шығуына жағдай жасаған. Солардың ішінде сайдың тасындай іріктелген К.Жандыбаев,  А.Рысқұлбеков, Қ.Меңісов,  К.Жанатов, О.Ақанов, Б.Разбицкий, Ж.Жетпісбаев, Қ.Махметов сияқты көптеген талантты өндіріс ұйымдастырушылары Нұр-атаның сенімін адалдықпен ақтады.

Өмірдің өзі алма-кезек алмасып отыратын күн мен түннен, қызықты жайт пен қайшылықтардан тұрады. Солай десек те, кейде адамдардың өздері қызығын қиындыққа, батырын пақырға айналдырып жататын пендешілікке жол береді.

Жоғарыда айтып өткеніндей, сондай себептерден Нұр-аға да жаны ауырып, жапа шеккені жасырын емес. Сондықтан болар, ақыры айықпас дертке шалдығып, пайғамбар жасынан аспай 61-ге жеткен шағында дүниеден өтті.

Кемеңгер көшбасшысын ардақтаған ел-жұрты Н.Алдабергеновтың нұрлы бейнесін ешқашан естен шығармай, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі етіп ұсыну үшін қоладан мүсін құйып, зор құрмет көрсетті.

Бүгінде Алдабергенов есімімен аталатын ауылдың төрінде өзі, қос қанатында қаһарман қатарластары орналасқан батырлар алеясы, шаруашылықтың экономикасы мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесін паш ететін музейі орналасқан. Мұқыры ауылының сыртындағы Алматыға ойысар бұрылыстағы қабір басында жан-жағы аббаттандырылған биік тұғырдағы қос алтын жұлдызды Нұрмолда Алдабергеновтың алып тұлғасы алыстан назар аударып көз тартады.

Талдықорғанда, Қарабұлақта, Балпық би кентінде атамыздың атында көшелер бар. Оның тағылымды тағдыры туралы ақын-жазушылар бірнеше поэма-толғаулар, повесть-романдар жазды. Алдабергенов ауылының тұрғыны, ауыл мектебінің мұғалімі М.Мырзағұлова «Өмір дастаны» повесін, бұрынғы милиция полковнигі, зейнеткер Сұлтан Ілиясов естеліктер жинағын, белгілі жазушы Сәуірбек Бақбергенов «Адам және көлеңке», Ұзақбай Доспанбетов «Шың мен шыңырау», Құттыбек Баяндин «Нартұлға» романдарын, академик жазушы С.Мұқанов «Алдабергенов туралы аңыз» поэмасын жазды.

Құттыбек Баяндиннің «Нартұлға» романында Нұр-атаның: «Ауырсам да ажалдан қорықпаймын, ұжымшар бөлек-бөлек болып кетеме деп уайымдаймын», – деген сөзі бар. Көріпкел әулиедей ұжымшар жағдайына алаңдаушылық білдіргенін қарасаңыздаршы! Иә, Нұр-ата ел бірлігін, адамдар арасындағы тату-тәтті ынтымақтастық ыдырамаса екен деп армандады. Сол арманды орындау жолында Әли Ысқабаймен бірлесіп, «Шынайы шындық», «Ата ақылы», «Тарихқа тағзым» атты кітаптарымыз баспадан шығып, оқырманға ұсынылды.

Менің ендігі арман-мақсатым Нұр-атаның ескерткішін Талдықорған қаласындағы өзінің атындағы көше бойына тұрғызу еді. Ол үшін де біраз еңбек етуге тура келді. Облыс әкіміне, қала басшылығына арнайы бірнеше рет жолығып және Нұрмолда Алдабергенов ауылындағы тұрғындар мен ардагерлер кеңесінің арқасында бұл мәселе шешімін тапты. Қазіргі кезде қаладан жер бөлінгені жөнінде хабар келді. Алла бұйырса, 2022 жылы ескерткіш тұрғызылады дегенді естіп, қатты қуандым. Бұл біздің ата алдындағы перзенттік парызымыз еді. Мен шексіз бақыттымын. Халқымыздың аса ардақты перзенті, ғаламат еңбегі мен есімі ел есінде мәңгі сақталған нар тұлға Нұр-атамыздың жасампаз жақсылықтары жастарымыздың игі істерімен жалғаса берсін!

Шайбала ТЕРГЕУОВА,

Алматы облысының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.