Зәулім үйдің жоғарғы қабатына құрылыс заттарын жеткізу жауапты әрі қауіпті. Кейде мұнаралы кранның ұшар басында жұмыс істеп отырғанда жел соғып, теңселіп кететіні бар. Сол сәттегі жүргізушінің жай-күйін біз сезіне де, сөзбен жеткізе де алмаймыз.
Құрылыс саласындағы дәл осындай жауапты міндетті білегі мықты, жүрегі түкті адам ғана атқара алады. Солардың бірі – Жанат Биқұрманов. 20 жылдан бері көптеген биік ғимараттың бой көтеруіне үлес қосып келе жатқан қарапайым еңбек адамы. Қазіргі таңда Талдықорған қаласындағы «Гәкку» фирмасының жауапты маманы. Елене бермегенімен еңбегі ерен осындай жандарға алғысымыз шексіз
«Жетісу-Ақпарат»