Талдықорған: -8°C
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Өнер көкжиегінде – «Үшқоңыр»

11.07.2016
ЖАНСАРАЙ
Өнер көкжиегінде – «Үшқоңыр»
WhatsAppTelegramFacebook

Ораза айтының алғашқы күні қарасайлықтар үшін тағы бір ерекше оқиғамен есте қалатын болар. Себебі, дәл осы күні ауданда дәстүрлі өнерімізді өзгеше қырынан танытып, бүгінгі заман ағымымен үндестіре дамытқан «Үшқоңыр» фольклорлық-этнографиялық ән-би ансам­блінің тұсаукесер рәсімі болған еді.

Жаңадан өнер ұжымын ашу, айтқанға оңай бол­ға­ны­мен, толып жатқан қиын­дық­тар мен ұйымдастыру бары­сын­дағы кедергілерге жолы­ға­тыны ақиқат. Оған бір ғана ниет аздық етеді. Осы орайда елі­міздің болашағы саналатын жас ұрпаққа рухани тәрбие бе­ру жолында қолдан келетін кө­мегін ұсынуға әзір тұратын жаны жомарт, қолы ашық де­меу­шілердің жәрдемімен және Алматы облысы әкімінің тіке­лей қолдауымен аудандық Мә­де­ниет үйінің жанынан құ­рыл­ған өнер ұжымы үлкен жолдан жүріп өткен еді.

Жақсылық хабардан құлақ­та­нып қалған жұртшылық бұл күні Мәдениет үйіне молынан жи­налған. Тек аудан тұр­ғын­да­ры емес, жалпы елімізге та­ны­мал өнер және қоғам қай­рат­керлері де осы күні көпшілік қуанышының ортасынан та­был­ды. «Бітер істің басына – жақсы келер қасына» де­ген­дей, өлкеміздің өзі қызмет жа­са­ған аудандарында өнердің өр­кендеуіне үлкен үлес қосып жүр­ген Махаббат Бигелдиевтің Қа­расай ауданына басшы бо­лып келуін де жақсылыққа жо­ры­дық. Ансамбльдің тұсау­кесер салтанатының «Астанаға тарту» аталуы да мерейлі ме­ре­ке – Астана күніне орай­лас­тыра өткізіліп отырғанын мең­зей­тіндей.

Дәстүр бойынша тамаша өнер ұжымын дүниеге әкелген жандарға алғысын жеткізіп, көпшілікті қуаныштарымен құт­тықтау үшін сахнаға кө­те­ріл­ген аудан әкімі Махаббат Сәдуақасұлы барлық қар­а­сай­лық­тар атынан есімі елге таны­мал меценат, ансамбльдің бас демеушісі Болат Назарбаевқа, осы шараның басы-қасында болып, үлкен үлес қосқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депу­таты Амангелді Дәуренбаевқа, ұжымға қажетті штатты бөл­гізіп, қаржыландыру мәсе­ле­сіне барынша қолдау көрсеткен облыс әкімі Амандық Бата­ловқа алғысын білдірді. Соны­мен бірге, жаңадан құрылған ансамбльдің репертуарын қа­лып­тастыруға көп еңбек сіңір­ген композиторлар Бағлан Ома­ров пен Бауыржан Есебаевтың, аудандық мәдениет және тіл­дерді дамыту бөлімінің бас­шы­сы Ермек Жұматаевтың, өзге де жанашыр жандардың атта­рына жылы лебізін жеткізді. Халқымыздың өнерін ұлық­тауды мақсат еткен ұжымның тұсаукесер салтанатының Ора­за айтымен, Астана күнімен орайласа келуін жақсылыққа жорыған Махаббат Сәдуа­қас­ұлы ансамбльге сәтті жол ті­ле­ді.

Тамашаға жиналған қауым жаңа өнер ұжымынан ерекше әсер күтетіні белгілі. «Үш­қо­ңыр» ансамблі осы талап үде­сінен шығу жолында аянып қал­мағаны анық. Сахна шы­мыл­дығын түрген ұлт аспаптар ор­кестрінің орындауындағы «Қа­расай» күйі ешкімді де бейжай қалдырмаса керек. Қасиетті қара домбыра, қоңыр сазды қобыз, дара дауысты дауылпаз, сырлы сазды сырнай, жетіген мен өзге де аспаптар үні үйлесім тауып, тыңдармандарын көне ғасырларға жетелегендей әсер қалдырған. Сахна төріндегі үл­кен лэд-экраннан көрсетіліп тұрған бейнебаян құлақтан кір­ген әуенді жанармен толықтыра түсуге мүмкіндік жасады. Бұдан кейін сахнаға шыққан трио шыр­қаған Елбасына арнау Ұлт көшбасшысының сіңірген ең­бегін айшықтап берді.

Айта кетерлігі, бұл күні тек ансамбльдің ғана емес, сонымен бірге көптеген жаңа әндердің де тұсауы кесілген. Атап айтқанда, М. Бигелдиевтің сөзіне жазыл­ған Б. Есебаевтың «Жан аға» әні, Е. Спанәлиевтің әні «Со­лай», Е. Жұматаевтың сөзіне жа­зылған Б. Омаровтың әні «Үш­қоңырға кел» осы күні тұң­ғыш рет орындалып, тың­дар­ман­ның құлақ құрышын қан­дырса, оркестрдің орын­дауын­дағы Қ. Жұмағалидың «Әке аманаты» атты күй-поэмасы Әбіш атаның кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани мұрасы ре­тінде ұсынылып, көңіл төрінен орын алды. Бұдан бөлек, ан­самбльдің әншілері халық ән­дері мен заманауи шығар­малар­ды нақышына келтіре шырқаса, күйшілер күй жарысын қыз­дырып, мың бұралған бишілер пластикасымен көрермен көз­айым­ына айналған.

Жаңа өнер ұжымының құ­рамы да осал еместігін айта кеткен жөн. Мұнда талай рес­публикалық және халықаралық байқауларда топ жарып жүрген жас дарындар бас қосып отыр. Барлығы 35 өнерпаздан тұратын ансамбльде 14 оркестр мүшесі, 8 биші, 10 дәстүрлі және эс­трада әншілері еңбек ететін бо­лады. Танымал композитор Бағ­лан Омаров көркемдік жетекші, Еркін Рахимов музыкалық же­тек­­ші қызметіне тағайын­дал­ған. Ал, концертмейстері – Қуа­ныш Жұмағали. Әрине, өнер ұжымы қажетті аспап­тармен және тех­ни­калық жаб­дық­тар­мен то­лық­тай жа­рақ­тан­ды­рыл­ған. Әсі­ре­се, ұлт­тық ою-өр­нек­термен көм­­ке­рілген сах­на­лық киімдер көздің жауын алады.

Тыңдармандарын тамаша әсерге бөлеп, ұмытылмас өнер кешін сыйлаған концерттік бағдарламаны Бауыржан Есе­баевтың «Қазақстан» әні қо­ры­тындылады. Концерт соңында ортаға Амандық Ғаб­бас­ұлы­ның атынан ықылас гүлі әке­лінген. Осыдан кейін жаңадан құ­рыл­ған өнер ұжымының тұ­сау­ке­сер салтанатына арнайы келіп, қатысып отырған облыс әкі­мі­нің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов сөз алып, Ұлы Дала елінде дәурен құрып отырған Қа­зақ мемлекетінің биыл 25-ші рет тойланғалы отырған Тәуелсіздік күнімен жиналған жұрт­шылықты құт­тық­тады. Сонымен бірге ол жер жаннаты Же­тісудың өнері мен мәде­ние­тін өркендетуге үлес қосып жүрген өнер жана­шырлары Светлана Мыр­зах­мет­қызының, Әнипа Әбіш­қы­зының есім­де­рін ізетпен атап өтіп, жан жо­март­тығымен ұжым­ға демеу­ші­лік жасаған Болат Назар­баев­тың иығына дәстүр бойынша шапан жапты. Қоры­тын­ды­сын­да қуанышқа жиналған жұрт­шы­лық бүгінгі күннен естелік ретінде суретке түсіп тарқады.

Қуат Қайранбаев

Қарасай ауданы.

 

 

Қатысты жаңалықтар

Пейілі дарқан даладай

Пейілі дарқан даладай

01.03.2026
Дайыров көшесіндегі заңсыз саудаға тосқауыл қойылады

Дайыров көшесіндегі заңсыз саудаға тосқауыл қойылады

28.02.2026
Жетісуда үш жедел әрекет ету нысаны қолданысқа берілді

Жетісуда үш жедел әрекет ету нысаны қолданысқа берілді

28.02.2026
Arrivederci, Italia! Тарихи алтын үшін алғыс

Arrivederci, Italia! Тарихи алтын үшін алғыс

28.02.2026
Тәтті түбір тамырына нәр берген

Тәтті түбір тамырына нәр берген

28.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.