Талдықорған: +7°C
$ 443.96
€ 487.73
₽ 5.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Пейілі дарқан даладай

1 наурыз 2026
КҮНДЕРЕК
Пейілі дарқан даладай

Screenshot

WhatsAppTelegramFacebook

Тарих бетіне көз жүгіртсек, өткен ғасырдың ауыр кезеңдерінде көптеген ұлт пен ұлыс Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударды. Сол сындарлы шақта қазақ халқы қаншама жұртты жатсынбай бауырына басты.

Қиындықты бірге еңсерген халықтар арасындағы сыйластық пен сенім бүгінгі бейбіт өмірдің берік негізіне айналды. Сондықтан Алғыс айту күні – ел бірлігін ұлықтайтын, ортақ тарихымызды құрметтейтін мереке. Бұл күннің ресми түрде бекітілуі – тәуелсіз Қазақстандағы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың айқын көрінісі. Бүгінде татулық пен тұрақтылық – мемлекетіміздің басты құндылықтарының бірі.

Жетісудың көрікті өңірінде орналасқан Көксу ауданы да  бірлік пен берекенің ордасы. Ауданымызда түрлі этнос өкілдері өзара түсіністік пен сыйластықта өмір сүріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысып келеді. Мұнда ұлтаралық татулықты сақтау мен нығайту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәдениет ошақтарында, білім беру ұйымдарында, кітапханаларда тағылымды кездесулер, ашық сабақтар, қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, өскелең ұрпаққа достық пен құрметтің маңызы түсіндірілуде.

Алғыс айту күні аясында аудан көлемінде ардагерлерге, көпбалалы аналарға, әлеуметтік осал топтарға құрмет көрсетіліп, қайырымдылық акциялары өткізіледі. Бұл – қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықтың нақты көрінісі. Аудан тұрғындары ортақ іске жұмылып, игі бастамаларды қолдап келеді. Алғыс айту – үлкен адамгершілік мәдениеттің белгісі. Қарапайым «рахмет» сөзінің өзінде жүрек жылуы, құрмет пен ізет жатыр. Отбасында ата-анаға, ұстазға, дәрігерге, әріптеске айтылған алғыс – өзара сыйластықтың бастауы. Осындай ізгі құндылықтар қоғамды біріктіріп, елдің еңсесін көтереді.

Бірлік бар жерде – тірлік бар. Алғыс айту күні – әрқайсымызға өткенді ұмытпай, бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін түсініп, айналамызға жақсылық жасауға үндейтін ерекше мереке.

Аружан ЖАҚЫП,
Көксу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Қатысты жаңалықтар

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Бүгін, 20:10
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

Бүгін, 20:06

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

Бүгін, 17:33
Қолжетімділік көтергіштен басталады

Қолжетімділік көтергіштен басталады

Бүгін, 15:46
Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Жетісуда бағаға бақылау күшейді

Бүгін, 15:25

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.