Құрылғанына бір жылдан асқан жаңа ұжым жастарға мүмкіндік беріп отыр. Дәстүрлі һәм эстрадалық бағытта бәсекеге түсуде.
Алматы облысы екіге бөлінгенде Сүйінбай атындағы филармония Қонаев қаласына қоныс аударып, Жетісуда мәдени өмірі біраз кідіріп қалған еді. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың бастамасымен Д.Рақышев атындағы облыстық филармония құрылған. Алғашында білікті мамандардың тапшылығы сезілгенімен, жас мамандарға мүмкіндік беріліп, оркестрдің сәні кірді.
«Өткен маусым сәтті аяқталды, түрлі бағытта музыканың әр саласына мән бердік. Өнерпаз жастар жаңа стильде заман талабына сай өнер көрсетіп, көрерменнің көңілінен шықты. Алдағы жаңа маусымда қанатқақты жобалармыз бар. Көрерменнің көңілінен шығу оғай емес, десе де халықтың ықыласына ие боламыз деп отырмыз. Өнер уақыт талабына сай дамып отырады. Ұлттық әндерімізді, аспаптарымызды уақыт толқынымен калобарация жасамасақ, көрерменнің талғамынан шығу қиын», дейді филармония директоры Самат Жексенбаев.
Өнер ұжымы құрылғанына көп болмаса да көрермендерін қуантып үлгерді. Жеке дауыстағы әншілер оркестрдің сүйемелдеуімен ән кештерін ұйымдастырып, мерекелік іс-шараларда белсенділік танытуда.
«Жетісу жеке облыс болып құрылғанда, расымен мәдени хаос болды. Жастардың көңілі түсіп, кейбірі Қонаевқа қоныс аударуға бел байлады. Жетісудың болашағына сенінкіремеді. Расымен бәрін қайтадан бастау оңай емес. Талай жылғы еңбегін ескерілмей қалса жаман ғой. Өнер адамы үшін одан артық жаза жоқ. Дегенмен бір қауым жастар мен аға буын туған жерді қимады. Осындағы өнерпаздардың басын құрап, жаңа жобаның шымылдығын түрді», дейді жас әнші Жігер Арапов.