Талдықорған: 0°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Ырысы тасыған әулет

24.09.2023
ЖАНСАРАЙ
Ырысы тасыған әулет
WhatsAppTelegramFacebook

Халқымыз ғасырлар бойы төрт түліктің сүті мен етін азық етіп, терісінен киім-кешек тігіп, жүнінен үй киіз басып, көрпе сырып, сүйегінен неше түрлі әсемдік бұйым жасады. Дегенмен, жаз жайлау, қыс қыстауда мал өргізген шаруаның бетпе-бет келетін қиындығы да аз емес. Тек соған төзе білген жандар ғана шопан деген құрметке, атаққа ие болады. Біз сөз еткелі отырған Алтынхан Қайранова биыл 81 жаста, зейнеткер, «Алтын алқа» төсбелгісі, «Еңбек ардагері», медалі  ІІ  дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иегері. Ол мұндай атақтарға көңіл жықпастықпен жеткен жоқ. Адал еңбегі мен маңдай терінің арқасында ие болды.

Алтынхан Қайранова 1944 жылы Алакөл ауданының Жайпақ ауылында дүниеге келген. Ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан шопандық қызметті атқарып, қажырлы еңбегінің арқасында бейнеттің зейнетін көріп отырған ардагер ана.

– Біздің бала кезіміз соғыстан кейінгі қиын кезеңге тұспа-тұс келді. Күйреген шаруашылық пен бүлінген тағдырларды түзеу үшін үлкендер таяғына сүйеніп жүріп тынымсыз еңбектенді. Сол жылдары ержеткен біздерде балалық шақ деген болған жоқ. Үлкендермен бірге ауыл тірлігін түзеу үшін қолымызға күрек, айыр, шалғы ұстап еңбекке араластық. Мен өскен ауыл отарлап қой, табындап сиыр, үйірлі жылқы өсірген кеңшар болғандықтан күні бойғы тіршілігіміз үлкендерге көмектесе жүріп, төрт түлікті өсірудің қызығы мен шыжығының ортасында өтті. Сол жолда табандылықты, ұқыптылықты, бір беткейлікті үйрендік. Қиындық көргенімізбен еңбекке деген құштарлығымыз мол еді. Сол қасиет күні бүгінге дейін жетелеп жетті. Денсаулығымыз мықты болды. Балаларымызды да еңбекпен өсіріп, елге қызмет еттірдік, — дейді кейуана.

6 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірген Алтынхан апа балаларынан 20 немере, 31 шөбере сүйіп отырған жайы бар. Олар әр салада қызмет етіп, елінің өркениетіне, туған жерінің түлеуіне үлес қосуда. – Әулеттің берекесі де, мерейі де ата жолын қуып, алдыңғы буынның   тапсырған аманатын адалдықпен атқаруда деп түсінемін. Бала күнімізде әкем мен шешемнің тәрбиесінде еңбекке құштар болып ержеттік. Мектепте де жақсы білім алып, біліктілік жолында құлшындық. Бірақ үйлі-баранды болып, ес тоқтата бастаған соң әкеміздің жолын қуып, солардың мұратын кейінгі буынға жеткізу үшін шаруашылық жұмыстарына бел шеше кірістім. Қазір сол таңдауымның қате болмағанын сезіп жүрмін. Өйткені, атакәсібімізді ардақтап, шаруашылығымды дөңгеленттім. Қаншама ауылдасыма көмегім тиіп, кәсіп ашып, нәпақа табуына жөн көрсеткенімді айтпай-ақ қояйын. Енді осы жұмысты балаларымыз ары қарай жалғастыратыны анық, – дейді апамыздың үлкен ұлы Сәкен Әбілқасымұлы.

Алтынхан апаның келіндері де текті жерден шыққан, үлкенге ізетті, кішіге қайырымды. Бүгінде алтын құрсақты анамыз үлкен ұлы Сәкен мен келіні Күлжібектің қолында. Әсілінде, қазақтың салтында қара шаңырақ кенже ұлға қалуы керек. Бірақ Алтынхан апаның басқа балалары әртүрлі мамандық игеріп, ауылдан алыстап кетсе, атакәсібін жалғастырған Сәкені қара шаңырақтың иесі атанып отыр. Қашанда қара шаңырақтың қадірін сол үйді ұстап отырған келінге де байланысты болатыны белгілі.

Апамыз 80 жастан асса да әлі жер таянып отырған жоқ. Мал жайғап, үй шаруасына араласпаса да құрақ құрап, көрпе тігеді, ұршық иіріп, киіз басады. Өнерін немерелері мен шөберелеріне үйретіп отырады. «Балапан ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» дегендей, әжелерінің тәрбиесін көрген жастар да шетінен он саусағынан өнер тамған шебер, өнер, білім жағынан да қатарластарынан мойны озық.

«Жазды күні бұл үй ду-думанға бөленіп жатады» дейді Алтынхан апаның көршілері. Бүгінде алдыңғы буынның ізгі қасиеті немере-шөберелеріне беріліп, олар да жазғы, қысқы демалыста егістік пен мал жайғауға көмектесіп, адал еңбекпен ас табудың қадір-қасиетін бала жасынан меңгеруде. Айта кетерлігі, биыл Қайрановтар отбасы «Мерейлі отбасы – 2023» Ұлттық байқауының Жетісу облысы бойынша жеңімпазы, республикалық байқаудың лауреаты атанды. Бұл да еңбекпен келген жетістік.

Қажет АНДАС
Жайпақ ауылы
Алакөл ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06.02.2026
Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

06.02.2026
Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

06.02.2026
Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

06.02.2026
Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді

Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.