Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ҚОЛ

«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

Еңбекпен ерте есейген Әлия Әлімбаланова бұл өмірдегі жақсы адамдардың санын арттырып жүрген аяулы жан. «Қызылжар» қосалқы стансысында 31 жылдан бері электр жөндеушісі болып қызмет етіп жүрген 62 жастағы кейіпкеріміз қауіпті мамандықты игеріп, ерлермен иық тіресе еңбек етіп келеді.

22.06.2025
АЛТЫН ҚОЛ, ЖАНСАРАЙ
«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик
WhatsAppTelegramFacebook

ЖАҚЫНЫНА ЖАНАШЫР
– Адамның бүкіл өмірі ең жақын жандардың жанында өтеді. Ол алыста жүрсең де – жақын, қол жетпес жерде болса да – тілеулес. Есейіп, өмірдің үлкен жолына түскен мезетте сан тарапқа кетсең де олар сенің әркез тілекшің. Жетістігіңе олар сияқты қуанатын адам, сірә, жоқ. Сәтсіздігіңді өзінікіндей көтеріп, қолындағы барын қиюға ықыласты жан да солар ғана. Олар – сенің бірге туған бауырларың. Өмірде бауырдан қымбат ешкім жоқ.

Әлімбала атасы мен Тәжіниса апасының тәрбиесін алған. Атасы молда. Талай жанның жазылуына септігін тигізген. Көрші ауылдастың қояншық ауруына шалдыққан жалғыз ұлын бір жыл бойына үйінде тұрғызып, дертіне дауа болған. Талай жанның көз жасын сүртіп, елге қуаныш сыйлаған ақсақал көптің алғысына бөленген. Әкесі «Молдалықты қойыңыз. Партияға қарсы шықпаңыз» деген сөзді елемей ауыл-ауылдарды аралап, көпке қол ұшын берген. Бүгінде жеті жаста «ғалым бала» атанған Әлімбала атаның қамқорлығы мен шапағатын көрген жандар баршылық.

Мектеп бітірісімен бір жыл үй шаруасына болысып, кейін есепші курсын оқиды. Бас инженер қызметін атқарған әкесі Дінісләм балаларын оқытып, білім алуы үшін жағдай жасаған. Ардақты анасы Қайынтай бала тәрбиесімен айналысқан. Өмірге алып келген 4 қызы мен 4 ұлын жастайынан еңбекке баулып өсірген. Біздің кейіпкеріміз қыздың үлкені болғандықтан үй шаруасының біраз жүгі мойнына артылып тұратын. Бірақ әкесі: «Қыздарым оқысын. Қолдарына қалам ұстаған көзі ашық маман болуы тиіс» деп әр баласының қолына табақтай диплом алып берген. 93 жасында мәңгілік мекенге аттанған әке аманатына перзенттері қиянат жасамаған.
Бір қолымен бесік тербеп, бір қолымен есеп кестесін жаттап, соңынан ерген іні-сіңлілерін шомылдырып, арқалап өсірген Әлия апайға бүгінде бауырлары дән риза.

Анадан ақ тілек

Осынау жап-жарық дүниеге келгенімнің өзі бақыт. Қазір жатсам да, тұрсам да елімнің тыныштығын, бала-шағамның амандығын тілеймін. Жастарымыз жаман әдеттен жиреніп, оқуға, білімге, еңбекке қадам басса деймін. Ұл ұялтпай, қыз қызартпай жүрсе ата-ана үшін жердің беті бақыт болады. Балапан ұшқанда отбасынан көргенді іледі емес пе? Сондықтан отбасындағы татулықты, бірлікті, мейірімділікті көріп өскен балалар болашақта жаман болмасы анық. Отағасы екеуміз үш қарғамызды бір-біріне қамқор болып, көмектесіп, қолдап, бауырмал болсын деп тәрбиеледік. Қазір келінім, қос күйеу балам бәрі бір үйдің балаларындай тату. Әке-шеше үшін бақыттың шырқау шегі де осы. Балаларымның «Анашым, амансыз ба?», немерелерімнің «Апау, сізді жақсы көремін» деген бір ауыз сөздері маған күш-қуат береді. Әрбір әйел дәл осындай бақытты сезінсе екен деп тілеймін. Себебі барлық әйел бақытты болуға лайықты.

ЕНЕСІ ЖАҚСЫ ҚАНДАЙ-ДЫ…

– Оң аяқпен аттаған құтты шаңырағымыздың әрін кіргізген, ауылдың ардақты келіні, сыйлы анасы болып, ұрпағын өсіріп, әулеттің тірегіне айналған енемді жиі есіме алып, сағынамын. Тағдыр теперішін көп көрсе де ешқашан налып, дауыс көтеріп сөйлеп көрмеген аяулы жан еді. Шаңырақ шаттығы мен шыжығын, тіршілік қиындығын бастан кешіріп өмірлік тәжірибе жинақтап, отбасы мектебінің ұстазына айналды. Менің бақытты өмірімнің ең негізгі ұстазы апам болды. Бізді туыс етіп, байланыстырып тұрған қазық – оның ұлы, менің отағасым және біз жарық дүниеге алып келген тәтті немерелер еді.

Ауылдастары «Шәмшібану апамыз 100 жылда бір рет туар асыл жан» деп айтатын. Ауылдың берекесі болған кейуана әрбір жас отбасының тіл табысып, берекелі болуына тікелей атсалысқан. Шәй дескен отбасының татуласуына атсалысқан. 25 жасында жесір қалып, бес баласын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген енесінің мектебін сағынған Әлия апай бүгін өзі де ене. Келінін қызындай көріп, сырлас болған асыл жанның бар тілеуі – елдің тыныштығы мен балаларының амандығы.

1983 жылы Тәкен ағамен шаңырақ көтеріп, Бауыржан, Балжан, Айжан есімді ұлын ұяға, қыздарын қияға қондырған. Ұлы электрик. Балжаны ветеринария саласында қызмет етсе, кенже қыздары оқу-ағарту саласында қызмет етеді.

ЕҢБЕГІНЕ ҚАРАЙ ӨНБЕГІ

– Бұл жұмыста ең бірінші жауапкершілік тұруы керек. Тоқ деген де тілсіз жау. Біз өмірлік серігім Тәкен екеуміз өзімізге жүктелген міндетті мінсіз атқардық деп ойлаймын. Себебі біз бұрындары тойға ешқашанда бірге бармайтынбыз. Ол өз туыстарының ал мен төркіндерімнің қуаныштарына баратынбыз. Себебі жұмысты қараусыз тастап кетуге болмайды. Енді, міне, қазір отағасы зейнетке шыққан соң ғана үлкен ұлымызға жұмысты қалдырып, бірге қыдыратын болдық. Десе де үй жаққа, жұмысқа алаңдап тұрамыз.

1992 жылы «Қызылжар» қосалқы стансысы іске қосылып, 1994 жылы Тәкен аға мен Әлия апай отбасымен ауылдан қоныс аударып, жұмысқа орналасады. Кезекші электромонтер болып қызметке орналасқан соң нәзік жанның тіршілігі екі еселенеді. Қызылжар ауылынан жарық өшсе сигнал шырылдайды. А, В, С фазалары шайқатылса «Жер» деген белгі беріледі. Осы қызметтегі алғашқы ұстазы Күлзипа Ахметованың есімін ерекше ілтипатпен айтады. Орыс тілді Оралдың қызынан білім алған кейіпкеріміз өзі ісінің нағыз маманы. 91-линия өшсе, транзиттік подстанция Қаспанға, ары қарай Шағаннан қуат алып, ары Текелі, Талдықорғанға кететінін, жарық сөнсе қай тоқты ұстап, қай батырманы басуын шырт ұйқыда жатса да айтып береді. 86-линияның ешқашан өшпеуін жіті қадағалайды.

– Бұл қауіпті мамандық болғандықтан бізге қателесуге болмайды. Ел ішінде «Электрик бір-ақ рет қателеседі» деген белгілі, астарлы сөз бар. Электрик үнемі жоғарғы, төменгі кернеулі токпен жұмыс істейтіндіктен міндетті түрде техника қауіпсіздігіне жете көңіл бөлуі керек. Бұл – бұлжымас заң, басты шарт. Электр тоғының иісі, шуы жоқ, қауіптің қай жағыңнан келетінін бағамдау өте қиын. Сол себепті жұмыс үстінде сақ болу керек. Сонымен қатар, берілген тапсырмаларды мүлтіксіз атқару жолындағы жауапкершіліктің жүгі де ауыр, – дейді Әлия Әлімбаланова.

Бас инженер Гайдуллин Гайдукке емтихан тапсырарда орысша айта алмай қиналғанын да «көкіректе сайрап тұр, Құдай тілді байлап тұрдың» қиындығын да бір кісідей тартқан кейіпкеріміз ұйқысыз өткен түндерін қазір күліп есіне алады. Талай жаңбырлы күндер мен түндерді, подстанцияға шоқпардай найзағай түскенін де көрген. Отағасы аудан орталығында электрик қызметін атқарған. Ол үйде болмаса таңға көз ілмей шығатын кездері қазір тек тәтті естелікке айналған.

Тынымсыз еңбегінің нәтижесінде ТАТЭК басшыларынан, аудан әкімінен Алғыс хатқа ие болған. Зейнетке шықса да жас мамандарды үйретуден шаршамаған жауапты еңбек адамы қазір бар білімін тұңғышына үйретуде. Электриктер отбасының сыйластығы, бірлігі мен берекесі көпке үлгі. Кейіпкеріміз барша қазаққа «ЖАРЫҒЫҢ СӨНБЕСІН» деген аналық ақ тілегін арнады.

ЖАПЫРАҒЫН ЖАЙҒАН ҚОС БӘЙТЕРЕК қыз өсіріп, ұл тәрбиелеп отырғандықтан жат жұрттық боп жаралған қызды ұзатып, келін түсіріп, бүгінгі таңда ата-әже атанып отырған бақытты жандар. Қашан да даладай дарқан мінездерімен төрінен қонағы арылмаған бұл отбасы – тамырын тереңге жайып, өзге рулы елдермен құдандалы шаңырақ ретінде өрістерін кеңейтіп отыр. Немере-жиеннің қызығына тоймай, ата-әже бақытына кенелуде. Еңбекпен жетілген, барға қанағат еткен осындай нағыз адал еңбектің адамы қандай құрметке де лайық.

Еңлік кенеБАЙ,
Қызылжар ауылы,
Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.