2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына №1 бірмандатты округі кандидат Ахметбаев Арман Бауржанұлы.
«Өндірісті дамыту және еңбек өнімділігін арттыру – экономикалық өсудің басты бағыты»
Құрметті сайлаушылар!
Мен, Ахметбаев Арман Бауыржанұлы, 1992 жылғы 6 маусым айында Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келдім.
2014 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «Қаржы және менеджмент» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 2015 жылыдан әлгі күнге дейін Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, «Уштобинский» ЖШС директоры болып қызмет етіп келемін.
Көпжылдық еңбек жолымда өндіріс, шаруашылықты басқару және ұйымдастыру бағыттарында тәжірибе жинақтап, кәсіпорынның тұрақты дамуы мен тиімді жұмыс істеуінің маңыздылығын түсіндім.
Еңбек қызметім барысында өндірістік жұмыстарды үйлестіру, еңбек тәртібін сақтау, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және кәсіпорынның алдына қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету бағыттарына ерекше мән беремін.
Қаратал ауданының, оның ішінде Үштөбе қаласының дамуы мен үшін маңызды. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру, жаңа мүмкіндіктерді пайдалану, жұмыс орындарын сақтап, еңбек адамдарының жағдайын жақсарту – басты назардағы міндеттерімнің бірі. Өз тәжірибем мен білімімді өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға бағыттауды маңызды деп санаймын.
Менің жұмыс бағыттарым кәсіпорынның тұрақты дамуына, өндірістік тиімділікті арттыруға және еңбек ұжымының мүдделерін қорғауға негізделген. Негізгі назарымды шаруашылық жұмыстарын жетілдіруге, өндіріс сапасын арттыруға, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қолда бар ресурстарды тиімді пайдалануға аударамын. Қаратал ауданының әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне атсалысу.
Құрметпен, Ахметбаев Арман
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
- ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ
Тұрғын үйлердің инженерлік желілерін жаңарту және тозығы жеткен коммуналдық жүйелерді жөндеу мәселелерін көтеремін. Ауызсу, жылу және электрмен жабдықтау сапасын жақсартуға бағытталған жобалардың жүзеге асуына ықпал етемін.
- ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ
Қаратал ауданы бойынша жұмысқа орналастырылған азаматтардың саны 1042, оның ішінде жастардың саны 705 адам 2026-2030 жылдарға жоспарланған. Ауданда жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыруға ықпал етемін. Жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, өндіріс орындары мен шағын кәсіпорындардың ашылуына жағдай жасау мәселелерін көтеремін.
- 3. ШАРУАҒА ҚОЛДАУ – АУЫЛҒА ҚОЛДАУ
Шаруа қожалықтарының жұмысын кеңейтуге және ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға ықпал етемін. Диқандар мен мал өсірушілердің мемлекеттік қолдау бағдарламаларына, жеңілдетілген несиелерге және субсидияларға қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін көтеремін.
- 4. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ
Қаратал ауданының Үштөбе қаласында 600 орынды орта мектеп салуына ықпал етемін .Қаратал ауданындағы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, оқу кабинеттерін заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жақсарту мәселелерін көтеремін.
- 5. СПОРТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУ
Қаратал ауданындағы Тастөбе, Кәлпе, Көпбірлік, Ескелді би, Жаңаталап және Алмалы ауылдарында салынған спорт кешендерінің тиімді жұмыс істеуіне ықпал етемін. Үштөбе қаласында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен дзюдо залы құрылысының сапалы әрі уақытылы аяқталуын бақылау мәселесін көтеремін.
- 6. ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Үштөбе қаласында салынған және салынып жатқан тұрғын үйлерді ескере отырып, баспанаға мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін көтеремін. Әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылар мен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана алу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етемін.
- ИНЖЕНЕРЛІК ЖӘНЕ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ
Қаратал ауданының Үштөбе қаласы мен ауылдық елді мекендеріндегі жалпы өлшемі 10,5 км құратын автомобиль жолдары кезең-кезеңімен жөндеуге ықпал етемін. Қаратал ауданының Үштөбе қаласы мен ауылдық елді мекендерінде газдандыру аясын кеңейту, көшелерге жарық шамдарын орнату мәселелерін көтеремің. Осы бағыттардағы жобалардың сапалы әрі уақытылы орындалуына ықпал етемін.
- 8. АУЫЗСУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қаратал ауданындағы елді мекендердің ауызсу жүйелерін кезең-кезеңімен жаңартуға, ескірген су құбырларын жөндеуге және тұрғындарды сапалы ауызсумен үздіксіз қамтамасыз етуге ықпал етемін. Қолданыстағы су желілерінің техникалық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар енгіземін.
- ҚОЛЖЕТІМДІ ӘРІ САПАЛЫ МЕДИЦИНА
Қаратал ауданының барлық ауылында медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, шалғай елді мекендердегі медициналық пункттердің жұмыс сапасын жақсарту жұмыстарына ықпал етемін.
- САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Қаратал ауданының барлық ауылында жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті арттырып, интернет сапасы төмен елді мекендердегі мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге ықпал етемін.
Сіздің пікіріңіз мен үшін маңызды!
Сіздің сеніміңіз – нәтиже үшін жауапкершілік!
Әрбір шешім – туған өлкенің игілігі үшін!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Ауданның өркендеуі ең алдымен тұрғындардың әл-ауқаты мен өмір сапасынан көрінеді. Әрбір азаматтың тұрақты жұмысы, жайлы тұрмысы және болашаққа деген сенімі болуы маңызды.
Ауылдар мен елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, жол сапасын арттыру, әлеуметтік мәселелерді шешу және жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу – назардан тыс қалмауы тиіс бағыттар.
Мен көтерілген мәселелердің шешімін табуға, тұрғындардың ұсыныстарын тиісті орындарға жеткізуге және олардың орындалуына ықпал етуге дайынмын. Ең бастысы – айтылған сөздің нақты іспен дәлелденуі.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Әрбір тұрғынның пікірі мен мүддесін құрметтеу.
Әділдік пен жауапкершілікті басты қағида ретінде ұстану.
Халықпен ашық байланыс орнатып, сенімді нығайту.
Көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету.
Берілген уәденің орындалуына баса мән беру.
Тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдауға, өзекті мәселелерді бірге талқылауға және олардың шешімін табу жолында жұмыс істеуге әрдайым дайынмын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Тапсырыс беруші: Ахметбаев Арман Бауржанұлы
Қаратал аудаандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді







