ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ. КҮНТІЗБЕДЕГІ АТАУЛЫ КҮНДЕР

Уақыты: 16.06.2022
Оқылды: 1090
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Мемлекет басшысы Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне де өзгеріс енгізген жөн деп есептейді. Мәселен, Тәуелсіздік мейрамының мәнін өзгертпестен, кейінгі жылдары атаусыз қалған  Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды.


– 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің Тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Осы құжатты қабылдаған кезде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды рөл атқарды. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, Тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек, – деді Президент.

www.akorda.kz