Қонаев қаласында облыстық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. 

Уақыты: 09.07.2022
Оқылды: 1714
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жиын барысында аталған кеңестің төрағасы сайланды. Алдағы уақытта атқарылар жұмыстар мен жобалар талқыланды.

Өз кезегінде қоғамдық кеңес мүшесі Тынышбай Досымбеков, Бақыткүл Төлебекова сөз алып, елге абыройлы, жұрттың қамын ойлайтын, іскер де білімді азаматты төраға етіп сайлау күн тәртібіндегі мәселе екенін жеткізіп, өз пікірлерін ортаға салды.
Көпшіліктің дауыс беруімен Алматы облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы болып сайланған Ескелді Қасымов:

Сіздердің маған артқан зор сенімдеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Осы өңірдің азаматтық қоғам белсендісі ретінде барлық тәжірибемді, білімімді пайдаланамын, - деді.
Қоғамдық кеңес төралқасының құрамы, ережесі мен жұмыс жоспары қаралған, еркін форматта пікір-алмасқан жиында болашақта орындалуы тиіс ілкімді істердің жалпы жобасы да айшықталды. Қоғамдық кеңес мүшелері арасынан бірақатар комиссия төрағасы мен мүшелері тағайындалды. Мәселен, бюджет, тариф саясаты,  құқық тәртібі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының төрағасы болып Тынышбай Досымбеков сайланды. Сол секілді, сәулет, құрылыс, көлік, коммуникация, туризмді дамыту, шағын және орта бизнес, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болып Тоқан Ботабеков, ішкі саясат, тілдерді дамыту, ономастика, спорт, мәдениет, жастар саясаты, ұлтаралық және діни қатынастар мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы болып Амина Абдрахманова,  әлеуметтік қорғау, жұымыспен қамту, білім беру, денсаулықты сақтау және көші-қон мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы ретінде Қазыбек Нұрсейітұлы, аграрлық сектор, жер қатынастары, витеринария, табиғи ресурстар, табиғатты пайдалану және экология мсәлелелері жөнінлегі комиссияның төрағасы болып Құралбек Бекмұханбетов бекітілді.
 


Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ,
Алматы облысы