САЙЛАУ-2022. МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН ӨСКЕМЕНДЕ ЖҮР

Уақыты: 04.11.2022
Оқылды: 1672
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

#Сайлау2022

ҚР Президенттігіне үміткер Мейрам Қажыкен үгіт-насихат аясында Өскемендегі өндіріс орындарын, мемлекеттік мекемелерді, зауыттарды аралап жүр.


Әуелі Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасы диагностикалық орталығының қызметкерлерімен жолыққан кандидат өзінің сайлауалды тұғырнамасын түсіндірді. Одан кейін облыс орталығындағы «Восток молоко» корпорациясына, «Өскемен ГЭС АЭС» ЖШС, "Каравай" ЖШС барған үміткер өз тарапына қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз жобасын жан-жақты таныстырды.     

Еске сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 19 қарашада аяқталады.  Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"