ҚАРАТАЛ АУДАНЫНДА 50-ШІ САЙЛАУШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 735
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қаратал ауданы, Үштөбе қаласындағы 13-орта мектепте орналасқан 524-сайлау учаскесінің сайлаушылары өте белсенді.

Сағат 10-ға дейін 500 адам келіп үлгерген. Жасы да, жасамысы да азаматтық борышымыз деп, өз таңдауын жасап, Президент сайлауына шынайы атсалысуда. Сайлау учаскесінің төрағасы Жазира Оражанованың:  "524 сайлау учаскесі заң талабы бойынша жұмыс атқаруда. Мемлекеттік Гимн орындалып, таңнан бастап келушілерді қабылдап жатырмыз. Қазақстан халқы үшін саяси науқан және мереке деп есептеймін. Сондай-ақ, алғашқы, 50-ші сайлаушыға және жас, бірінші дауыс берген азаматтарға арнайы сыйлық табыстадық. Мәселен, 50-сайлушы болып, ауданымыздың Құрметті азаматы Тұрлақан Дөненбай ақсақал келіп өз таңдауын жасады. Атамызға құрмет көрсетіп, алғысын алдық",-деді.
Сайлау учаскесінде 1983 адам бар. 

Ришад ТҰРҒАНБАЙ,
Қаратал ауданы