"ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ": ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСТАРЫ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 608
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Еліміз бен жеріміздің, қабырғалы халқымыздың келешегі үшін маңызды саяси науқанға Текелі қаласында тұратын Тәуелсіздік құрдастары белсенділікпен қатысуда.

Қаладағы №1035 сайлау учаскесінде түс болмай-ақ Тәуелсіздіктің 15 құрдасы дауыс беріп үлгерді. Айнұр Жаңабаева өз ойымен бөлісті: «Мен Тәуелсіздіктің құрдасы екенімді әрдайым мақтан тұтып жүремін. Бүгінгі сайлауға да үлкен серпіліспен, сеніммен келдім. Замандастарымның белсенділігін көріп қуанып тұрмын. Өзімнің, отбасымның, елімнің жарқын өмірі үшін өз таңдауымды жасадым».

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"