"ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ": ҮШТӨБЕДЕ ТАКСИ ТЕГІН ЖҮРЕДІ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 867
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласында сайлау учаскесіне тегін такси тасымалдайды.

Мұнда "Алло", "Андрюша", "Миг", "Үштөбе" такси қызметі таңмен таласып, тұрғындарды сайлау учаскелеріне тегін тасымалдауда.  "Алло" такси қызметінде сағат 11-ге дейін 150 тегін қызмет көрсеткен. Ал "Андрюша" такси қызметі 50-ден асса, "Миг", "Үштөбе" такси қызметі де дәл осындай қызмет атқарған. Қала тұрғындары тегін тасыған таксилерге алғысын айтып, ризашылығын білдіруде. 

Ришад ТҰРҒАНБАЙ,
Қаратал ауданы