САЙЛАУҒА КЕЛГЕНДЕР ОЙЫНҒА ҚАТЫСЫП, СЫЙЛЫҚ АЛДЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 631
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Үштөбе қаласындағы бірқатар сайлау учаскесінде ойын ұйымдастырылып, сайлауға келген сайлаушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, сыйлыққа қол жеткізді. Сондай қызықты ойын өрнегі 527 сайлау учаскесінде өтті.

Өз таңдауын жасауға келген тұрғындар дауыс беріп шыққан соң интелектуалды ойынға қатысып, өз бақтарын сынады. Қойған сұраққа жауап беріп, тапқырлық танытқандар марапатталды.
Қызықты ойында жеңіске жеткен сайлаушының бірі Әлішер Жүнісбекұлы.
- Мен бүгін өз учаскеме келіп таңдауымды жасадым. Бұл әрбір азаматтың борышы деп санаймын. Сондай-ақ, дауыс беріп шығып, арнайы ұйымдастырылған ойынға қатысып, сауалдарға мүдірмей жауап бердім. Жалпы сұрақтар Қаратал ауданына, елімізге байланысты өте қызықты сұрақтар болды. Нәтижесінде сыйлыққа қол жеткізіп, қуанып қайтып барам",-деді жеңіске жеткен Әлішер.
527 сайлау учаскесінде 1660 сайлаушы, оның 6-ы үйден таңдауын жасаса, 11 сайлаушы алғаш рет дауыс беруде. 

Ришад ТҰРҒАНБАЙ,
Қаратал ауданы