"ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ": АҚ ЖЕЛЕҢДІ АБЗАЛ ЖАНДАР ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 672
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ақсу аудандық орталық ауруханасының директоры Салтанат Мықтыбаева бастаған мекеме қызметкерлері  алғашқылардың бірі болып азаматтық  таңдауларын жасады.
"Халық мемлекеттің басты қозғаушы күші, тұғыры. Біз өз болашағымызды өзіміз қалыптастыруымыз керек. Болашақ үшін таңдау жасауда әркімнің де дауысы маңызды. Өз президентін сайлау - егемен ел үшін жасалатын жарқын іс. Бұл науқаннан әрбір адам қалыс қалмай, берекелі болашақ, кемел келешек үшін өз таңдауын жасауға тиіс", - дейді аурухана бас дәрігері Салтанат Жексембекқызы. Еліміздің кемел келешегі үшін өз таңдауымызды жасайық!

Гүлжан ТҰРСЫН, 
Ақсу ауданы