"ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ": БОЛАШАҚ ҮШІН ТАҢДАУ ЖАСАДЫ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 612
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы  №  253  сайлау учаскесінде  ауданның білім саласында енбек сіңірген  тұрғыны, 90 жастағы Тамара Руга өз таңдауын жасап, дауыс берді.   

«Жаңа Қазақстанды құрамыз дегенді естіп жатырмыз. Меніңше, «Жаңа Қазақстан» идеясының негізгі бағыттарында қоғам дамуының бүгіні, ертеңгі болашағы көрініс табуы тиіс. Бұл шын мәнінде әділ Қазақстан. Ешкім тыс қалмай өз дауысын берсе, атсалысқаны сол болады. Еліміз тыныш, бала-шағамыз аман болып, Қазақстанымыз көркейе берсін, - деді әжеміз.  

Ескелді ауданында бүгінгі таңда 34 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр, ауданда сайлаушылар саны – 34 350 адам. Барлық сайлау учаскелеріне сайлаушылар келіп өз дауыстарын беруде.

Серік ҚАНТАЙ,
Ескелді ауданы