"ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ": ЖАС ЖҰБАЙЛАР ДАУЫС БЕРДІ

Уақыты: 20.11.2022
Оқылды: 775
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Сайлау күні дауыс беруге асыққандардың бірі Ақжол мен Гүлім Асқарбековтер.
18 жастағы қос сайлаушы бір сыныпта оқыған, жақында  отбасын құрған. Екеуі де студент.  Ақжол Алматы қаласындағы Дінмұхамед Қонаев атындағы университетте заңгер мамандығы бойынша білім алады. Ал жары Гүлім Әмірғали Талдықорған қаласындағы Жетісу Университетінде аудармашы мамандығын меңгеруде. 
«Біздің кәмелет жасқа толып, отбасын көтерген жылымыз, елдегі сайлаумен тұспа-тұс келгені біз үшін өте қуанышты жайт болды. Бүгіннен бастап, біз өз дауысымызды беріп, еліміздің дамуына үлес қоса аламыз. «Ел болашағы – жастардың қолында» деп Президентіміз айтқандай, әрбір жастың дауыс беруі маңызды. Сол себепті Алматы қаласынан арнайы дауыс беруге ауылыма келдім», - деді жас сайлаушы Ақжол  Асқарбек. 
Айта кетейік, Көксу ауданында 26 146 сайлаушы бар. Оның 51-мүмкіндігі шектеулі азаматтар болса,   311 сайлаушы алғаш рет дауыс беру құқығына ие болып отырған жастар.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ, 
Көксу ауданы