ҚАҢТАР САБАҒЫ. ҮРЕЙ МЕН ҮМІТ

Уақыты: 11.12.2022
Оқылды: 1683
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Биылғы жыл басы дүрбелеңге толы болды. Көпшілікке ұмытылмастай сабақ берген «Қаралы қаңтар» ұлттың санасында мәңгілікке қалары анық. Сол күндердің ауыртпалығы мен қиындығын басынан өткерген жандар арамызда жүр. Солардың бірі – Талдықорғандағы №18386 әскери бөлімінің қызметкері, майор Олжас Ералин.

Қарағанды облысында дүниеге келіп, Жетісу жерінде еңбек жолын жалғастырған Олжас Қажымұратұлының айтуынша, қара суық қысқан қаңтардың ызғары әскерилерді әбден тоңдырыпты. 4-ші қаңтардан 5-не қараған түні сағат 01.00-де дабылмен жұмыс орнына жиналған сарбаздар алдымен әскери бөлімді күзетуге кіріседі. Ол үшін күзет сапын күшейтіп, төрт тарапқа қарауыл қойылады. Өйткені, әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасы арандатушылар үшін таптырмас қазына болар еді. Соған байланысты сырттағы жағдайдан хабар алып отырған әскерилер бұйрықпен топтопқа бөлініп, қаладағы әрбір нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аттанады. Сөйтіп, әскери бөлімді қысталаң шақта қорғап қалған маман басынан түрлі сезімді өткергенін айтады. – Қолға автомат алып, айналаны тексеріп келе жатқанда бойда бәрібір үрей туады екен. Себебі, әрбір сытыр мен қозғалысты тексеруге тура келеді. Өміріңде ешкімге мылтық кезеніп көрмеген басыңда: «Байқамай біреуді атып жібермеймін бе?» деген сұрақ тұрады.

Ондай жағдайда не істеу керектігінойлайсың. Қысқасы, өзіңді ойлаудангөрі, өзгенің өміріне алаңдайсың. Бұлжағдайды әскерилердің бәрі бастан кешкен болар?! Себебі, біз сыртқы күшпенұрыс жүргізуге үйретілген едік. Ал өзотандастарыңа, жерлестеріңе қарсы оқатуға оқталу өте ауыр екен, – дейді екібаланың әкесі Олжас Қажымұратұлыүрей мен үміт тең түскен шақты ескеалып. Екі сағат сайын ауысып, тексеріпөткізу бекетін күзеткен әскерилерқалшиып тік тұруы тиіс. Отыратын,жататын жер жоқ. Айналаның бәрі суықбетон. Тізе бүгіп отырсаң немесе жатакетсең бойыңды ызғар қариды. Осылайша әскери бөлімнің амандығын ойлап,қару-жарақты қолды болудан сақтағанәскери қызметкерлер өзара үнсіз тілдесіп, бір-біріне қолдау көрсетіп отырған.Ақырында талайдың ұйқысын қашырғанбұлғақ аяқталып, байырғы тыныштықорнағанда терең дем алыпты. Оларғажұбайлары телефон арқылы дем беріп,тірек болыпты. Иә, ол кездегі ауыр жағдайды ешкімнің басына бермесін! Енді қайтып елімізде мұндай сынақ болмасын! Азаматтарымыз өзара қырғиқабақ танытпасын!Халқымыздың «өз қолыңды өзің кесеалмайсың» деген сөзінен сабақ алып,алауыздықтан сақ болайық, ағайын!

 

Мәди АЛЖАНБАЙ,
Жетісу облысы