ЖАЙЛЫМДЫҚ ЖЕРЛЕРГЕ ДЕГЕН ҚАЖЕТТІЛІК 680 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСАДЫ

Уақыты: 25.02.2023
Оқылды: 1045
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Жетісуға ат басын бұрды. Сапар аясында өткен кеңесте Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қарай отырып, өзекті деген бір қанша мәселелерге тоқталды. Соның бірі  жер мәселесі.

Үкімет басшысының айтуынша, пайдаланылмаған жерлерді мемлекет меншігіне қайтару әлі де өзекті мәселе болып отыр.

«Жергілікті атқарушы органдар жүргізіп жатқан жұмыстарға қарамастан, облыста әлі 857 мың гектар ауыл шаруашылығы жері пайдаланылмайды. Ал халықтың жайылымдық жерлерге деген қажеттілігі 680 мың гектардан асады. Сондықтан ауылдық елді мекендердің маңында жерлерді сол ауыл тұрғындарына мал жаюға беру жолдарын пысықтау керек. Бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажет», - деді Әлихан Смайылов.

 

Фото: ашық дереккөзден

 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ