ЖЕМҚОРЛАРДЫҢ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН ҚҰРЫЛҒАН БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОР БАР

Уақыты: 25.02.2023
Оқылды: 1308
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында бес мыңнан астам бала 69 бейімделген мектепте оқиды, тағы бір мектеп апаттық жағдайда болса, 26 мектеп саман кірпіштен тұрғызылған.

Бұл туралы облыс орталығы Талдықорғанға жұмыс сапарымен келіп, арнайы кеңес өткізген ҚР Премьер-Министрі Әлихан СМАЙЫЛОВТЫҢ өзі мәлім етті. Оның айтуынша, жаңадан бөлінген облыс аумағында мектеп мәселесін шешудің тағы бір тәсілі қарастырылған. 

"Қаржы министрлігінің сыбайлас жемқорлардың қаражаты есебінен құрылған бюджеттен тыс қоры бар. Осы қаражат есебінен де қосымша мектептер салынатын болады», — деді Премьер-Министр. 

 Сонымен қатар Үкімет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Атап айтқанда, 2026 жылға дейін өңірде жаңа 10 мектеп ашу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 55 млрд теңге қарастырылған. 

 

Фото: ашық дереккөзден

 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ