ЖАСТАРДЫҢ САНЫ 6 МИЛЛИОНҒА ДЕЙІН КӨБЕЙДІ

Уақыты: 01.03.2023
Оқылды: 1138
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазақстанда жастар саясаты жөніндегі заң күшіне енді. Маңызды құжатқа сәйкес ендігі уақытта Қазақстанда жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.

 Бұл туралы "JETISỲ" газеті сайты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған заң нәтижесінде еліміздегі жастардың үлес салмағы осы уақытқа дейінгі  3,7 млн-нан 6 млн-ға дейін көбейген.

Бір қуантарлығы, бұдан былай 35 жасқа дейінгі азаматтар жас отбасыларға арналған түрлі әлеуметтік жеңілдіктерге және басқа да игіліктерге ие болмақ.

Бұдан бөлек, жастардың даму индексі, уақытша жұмысқа орналаспаған жастар (NEET санатындағы жастар), жастармен жұмыс жөніндегі маман және жастардың еңбек жасағы ұғымдары ресми түрде қолданылады.

 

 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ