ӘН ӘЛЕМІНДЕГІ РЕКОРД. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘНШІНІҢ ӘНІ ҒАЛАМТОРДЫ ШАРЛАП ЖҮР

Уақыты: 30.04.2024
Оқылды: 316
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Adam лақап атымен танылған әнші Фаррух Тохтамұратовтың “Жүрек” әні рекорд орнатып, әлемге таралды.


Әншінің қазақ тіліндегі алғашқы әні топ жарып, хитке айналды. Азғантай уақытта Еуропаны да, Қытайды да бағындырған ән Youtube желісінде 52 млн қаралым жинаған. Ал Shazam әлемдік рейтингісінде бұл туынды 13-орында тұр. Танымал TikTok желісінде "Жүрек" әні 5 млрд рет тыңдалған.  

“Менің алғашқы қазақ тілінде орындаған әнім. Ауылда жүргенде жазып едім. Өте танымал болып, көп тыңдалып жатыр. Ауылда тұрғанға не жетсін?! Бүкіл шабытың ашылады”, – деген еді хит орындаушы.

Өнер иесі осы күнге дейін орысша әндер шырқаса да, дәл мұндай танымалдыққа ие болмағанын жасырмады. Ал қазір қазақша еркін сөйлейтін Фаррух Ирландия, Мадрид, Германия елдерін аралап, концерт беруге аттанбақ. 

Айта кетейік, әнші Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген.