ӨҢІРДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІНІҢ 3 ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Уақыты: 12.07.2024
Оқылды: 339
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

2024 жылдың жарты жылдығы бойынша электр энергиясын тұтыну 1110,4 млн. квт сағатты құрды. Бүгінгі таңда облыста белгіленген қуаты 210,5 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 15 нысаны жұмыс істейді. 2024 жылы белгіленген қуаттылығы 42,1 МВт, құны 17,4 млрд.теңге болатын жаңартылатын энергия көздерінің 3 жобасын аяқтау жоспарлануда. Атап айтсақ, Ескелді ауданында қуаттылығы - 29 МВт, 1 СЭС, Сарқан ауданында қуаттылығы - 13,1 МВт. 2 СЭС салынбақ.  Сондай-ақ, 2029 жылға дейін Сауд Арабиясының инвесторларымен белгіленген қуаттылығы 1 ГВт, құны 906,3 млрд.теңге болатын «Алакөл ауданы Жоңғар қақпасы ауданында жел электр станциясын салу» жоспарлануда.