5 пайыздан аспайтын мөлшерлеме бойынша тұрғын үй сатып алу

Уақыты: 26.07.2024
Оқылды: 346
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде «Отбасы банк» АҚ «Жылдық 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік  тұрғын  үйді  сату бағыты шеңберінде  кезекте тұрғандарға  тұрғын  үйді  бөлу туралы мәлімдейді.  

Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады. Оған  жергілікті атқарушы органдарда  кезекте тұрған банк салымшылары ғана өтінім бере алады.

«Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар «І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар» санатындағы салымшылардан өтініш берген кезде ҚР Азаматтық Кодексінің 159-бабының негізінде банктік қарыз шарттарын жасасу мүмкін емес»,- деп хабарлады «Отбасы банк» АҚ Жетісу облыстық филиалының бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Мұрат Булегенов.

Фото: armtimes.com