Жетісу облысында контрабанда фактісі бойынша 14 қылмыстық іс тіркелді

Уақыты: 26.07.2024
Оқылды: 413
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тарапынан контрабанда фактісі бойынша 14 қылмыстық іс тіркелді.

Оның ішінде Қытайдан 4,2 млрд.теңгеге 35 жалған транзит тауар жасаған ОПГ қызметі тоқтатылды.

Сонымен қатар, Тәжікстанға 4,6 млрд теңгеге жалған транзиттің 26 фактісі бойынша басқа ОПГ-ға қатысты іс сотқа жолданды.

2024 жылы ҚХР-дан Өзбекстанға жалған транзит схемасы бойынша тауарларды контрабандалық әкелу арнасын ұйымдастырған тағы бір ОПГ қызметі тоқтатылды.

Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында 158 млн. теңгеге, 222 мың қорап темекі әкелудің 3 фактісі анықталды. Жауапты тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, ХШЫО арқылы 206 млн. теңге сомасына 290 мың қорап мөлшерінде темекі әкелудің 4 әрекеті тоқтатылды.

Бұдан басқа, жедел жұмыс нәтижелері бойынша Департамент 6,1 млрд теңгеден астам сомаға «Вейптерді» заңсыз әкелу фактісін анықтады. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.

"Жетісу-Ақпарат"