ҒЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

Уақыты: 21.09.2024
Оқылды: 46
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ауыл тұрғындары атом электр стансысы құрылысының артықшылықтары туралы пікірлерімен бөлісті.


Осыған байланысты Ақсу ауданында «дөңгелек үстел» өткізілді. Оған ең белсенді ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу барысында ел экономикасының дамуы, сонымен бірге аталған жобаның іске қосылғаннан кейінгі қазақстандықтар әл-ауқатының қалай өзгеретіні туралы сөз етілді. 

Ақсу ауданы аналар кеңесінің төрайымы Күләш Ермұхамбетова да өз ойын айтып, пікірін білдірді. Сөзіне қарағанда, елімізде атом энергетикасын дамыту ғылымның өркендеуіне серпін бермек. 

Сәйкесінше, атом саласына байланысты жаңа кәсіптер пайда болып, талай адамның жұмысқа орналасуына жол ашылмақ. Сөйтіп, АЭС салынатын елді мекен тұрғындары еңбекпен қамтамасыз етіліп, жаңадан салынатын үйлер мен жолдардың, мектептер мен басқа да нысандардың бой көтеруіне мүмкіндік тумақ.

А. Ыбырай
Ақсу ауданы