ИПОТЕКАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАРЫЗДАРЫН БЕРУ ТАЛАПТАРЫ

Уақыты: 13.09.2018
Оқылды: 1570
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

 Ипотекалық тұрғын үй қарызын алу барысы

    Бастапқы тұрғын үй сатып алу

 

                                         

 

    Бағдарлама бойынша банктер беретін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының өлшемдері және Оператор сатып алатын талап ету құқықтары мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс.

 

Бағдарлама

«7-20-25»

Нысаналы мақсаты

Бастапқы тұрғын үй сатып алу

Сыйақының жылдық номиналдық мөлшерлемесі

7%

Бастапқы жарна

Кепілмен қамтамасыз ету құнының 20%-ы

Ипотекалық тұрғын үй қарызының мерзімі

25 жылға дейін

Ипотекалық тұрғын үй қарызының валютасы

Теңге

Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны

Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін –

25 млн. теңге

басқа өңірлер үшін – 15 млн. теңге

Қарыздың ең көп сомасы

Белгіленбейді

Кепілмен қамтамасыз ету

Сатып алынатын жылжымайтын тұрғын үй

Кепілмен қамтамасыз ету құны

Мыналардың:

1) тәуелсіз бағалаушы айқындаған құнның;

2 банк айқындаған құнның;

3) тұрғын үйді сатып алу жөніндегі мәміле бағасының ең аз мөлшері бойынша айқындалады.

Қарыз бергені және қызмет көрсеткені үшін комиссиялар

Ұсталмайды

Кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыру  

Міндетті болып табылмайды. Қажет болған кезде банк кепіл мүлкін және қарыз алушының өмірін сақтандыруды өз есебінен жүзеге асырады.

Жалғыз тұрғын үй өлшемшарттары

Белгіленбейді

 

Жеке тұлға Бағдарлама бойынша қарыз алу үшін мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:

  1. банктің қалауы бойынша мына құжаттың біреуімен:

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жеке зейнетақы шотынан соңғы алты айдағы үзінді-көшірмесімен;

жұмыс орнынан соңғы алты айдағы кірістері туралы анықтамамен;

қарыз алушы – жеке тұлғаның соңғы салық кезеңі үшін жеке табыс салығы бойынша салық декларациясымен;

банктің ішкі құжаттарына сәйкес ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша қарыз алушының міндеттемелерін орындау мүмкіндігінің болуын көрсететін өзге де құжаттармен расталған еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірісінің болуы;

  1. Бағдарлама бойынша ипотекалық тұрғын үй қарыздары және өзге де ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы;
  2. мыналарды:

жатақханаларда отбасының әрбір мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем бөлмелердің болуын;

апат жағдайындағы, құлау (қирау) қаупі төнген тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын аталған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы.

Банк ипотекалық тұрғын үй қарызын беру туралы шешімді өзінің ішкі құжаттарына сәйкес қабылдайды.

Ағымдағы жылы облыс бойынша жалпы алаңы 35,3 шаршы метр 589 пәтерге арналған 17 коммерциялық тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған, соның ішінде бүгінгі күнге облыс бойынша «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыруға дайын 72 пәтер бар (Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы «Алатау Ажары» шағынауданында 12 пәтер жеке құрылыс салушы «К-Строй Инвест» ЖШС және «Қарлығаш» шағынауданында 60 пәтер жеке құрылыс салушы «Еламан»  ЖШС).