БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСАЙЫҚ

Уақыты: 25.07.2019
Оқылды: 799
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қазіргі уақытта экология мәселесі кез келген мемлекеттің күн тәртібіне шықты. Өйткені ол адамзат тіршілігінің маңызды факторы. 


Биыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылып, жұмыс бастағаны салаға қан жүгіргенін көрсетті. Соның бір дәлелі ретінде «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясын айтуға болады. 

Аталмыш шара ең алғаш рет ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің қатысуымен Қоянды су қоймасының айналасын тазарту жұмысы арқылы басталғаны анық. Осыдан кейін игілікті іс қоғам тарапынан қолдау тауып, көпшіліктің көңілінен шыққан бастамаға айналды. Десе де, кейбір адамдардың: «Тазалық жұмысы белгілі бір мемлекеттік мекеменің құзырындағы іс» деп қарайтыны да жасырын емес. Шын мәнінде қоршаған ортаны қорғау, өзі тіршілік етіп отырған ортаның тазалығына көңіл бөлу, жанға жайлы өмір сүретін әлем қалыптастыру әрбір қазақстандықтың ортақ міндеті. Сол міндетті терең сезінген қоғамдық ұйымдар да аталмыш шараға белсене атсалысып, ортақ іске қолдау танытуда. 

Кеше облыс әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіровтің қатысуымен облыстық әкімдікте өткен жиында «Бірге – Таза Қазақстан» акциясын жетісулықтардың да қолдайтыны сөз болды. Сондай-ақ, алдағы 27 шілде күні бүкіл облыс аумағында «Бірге – Таза Қазақстан» акциясының ұйымдастырылатыны айтылды. Акция аясында аймақтағы су қоймалары, көл жағалауы, демалыс орындары, жол жиектері және көпқабатты үйлердің маңында, тағы да басқа адам аяғы үзілмейтін нысандардың ай­на­ласында тазалық жұмыстары ұйымдастырылады.

Аталмыш акция барысында атқарылатын барлық жұмыстар облыстық экология департаменті мен облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының үйлестіруінде атқарылатыны анық. Алайда, Алакөл, Балқаш, Қапшағай сияқты үлкен су қоймалары мен жеті өзен өрнектеген облысымызда тазалануға тиісті аумақ 

Қажет АНДАС