БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ КӘСІПОРЫН

Уақыты: 25.07.2019
Оқылды: 735
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

 «Алматы шыны» зауыты – түрлі қалыптағы шыны құмыралар, банкілер, эксклюзивті шишалар мен өзге де шыны ыдыстарды шығаруға маманданған өндіріс орны. Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті кәсіпорын жергілікті кәсіпкерлер мен Қытай Халық Республикасы инвесторларының қаржысына салынған.


Өндірістің жылына 120 миллион дана шыны құмыраларын шығаруға қауқары бар. Кәсіп- орында өнімнің сапасын қадағалайтын басқару жүйесі орнатылған. Нәтижесінде тауарлар жоғары талапқа сай. Мұнда тек отандық шикізат пайдаланылады.

– Кәсіпорында 380 адам еңбек етеді. Барлығы жергілікті тұрғындар. Іле ауданы мен Алматы қаласынан келіп жұмыс істейтін мамандар да бар. Олар үшін жатақхана салынып, жас отбасылар шағын тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Кәсіпорын аумағында асхана, дүкен, Мәдениет үйі қызмет көрсетеді. Еңбеккерлердің орташа жалақысы – жүз мың теңгеден жоғары, – дейді кәсіп- орынның бас директоры Азим Абдуллаев.

Зауыт өнімдерінің 80 пайызы ішкі нарыққа, қалғаны сыртқа шығарылады. Атап айтқанда, Ресей, Қырғыз­стан, Түркіменстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Ауғанстан елдеріне экспортталады. 

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ