ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ

Уақыты: 22.07.2019
Оқылды: 2015
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам»  – Ұлт жоспарының негізгі мақсаты – азаматтық қоғамды дамыту. Жекеменшік сот орындаушылардың дамуына үлкен үлес қосқан  ҚР 2010 жылғы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңда жекеменшік сот орындаушылардың қызметінің барлық нормалары айқындалған.


Аталған заңда жекеменшік сот орындаушыларына  қатаң талаптар қойылған. Жеке сот орындаушыға лицензия алуды оңайлату мақсатында 2012 жылғы  заң талаптарына  және «Е-лицензиялау» порталы арқылы мемлекеттік қызмет алу туралы заңға сәйкес лицензия алады. 2011 жылдың қыркүйек айында еліміз бұрынғы поссоветтік республикаларының ішінде алғашқы болып,  жекеменшік сот орындаушылар институтын енгізіп, сот жүйесінде сот шешімін орындауды  жақсарту мақсатында алғашқы қадам жасады. Алғашқы кезде  Алматы облысында екі жекеменшік сот орындаушы болған, қазіргі уақытта олардың саны 100-ден асты. Осы тоғыз жылдай  мерзімде сот шешімін орындауда көп еңбек сіңірді. Оған дәлел, сот орындаушылардың іс-әрекеттеріне қатысты арыздардың азаюуы. Жеке сот орындаушылардың институтын енгізудің ең маңызды да ұтымды әсері  мемлекетке пайда алып келетіндігі, сот шешімінің орындалуы мемлекет бюджеті есебінен қаржыландырылмайды. Жекеменшік сот орындаушылар өздерін өздері қаржыландырады. 

Алимент өндіру құжаттары сот шешімін орындаудағы ең қиын дәрежедегі атқару құжаттарына жатады. Өкінішке орай біздің елімізде көп азаматтар алимент төлеуден жалтаруға тырысады. Қазіргі уақытта өз еркімен орындалып жатқан атқару өндірістері саусақпен санарлық. Бірақ сот орындаушылар борышкерлерден али-мент өндіру үшін түрлі қиындықтарға кездесіп, заңның осал тұстарын іздейтін борышкерлерге кездеседі. ҚР Әділет министрлігімен 2013 жылы заңға өзгерістер енгізіп, борышкерлерді қылмыстық және әкімшілік жауапқа тарту жолдарын жеңілдетті. Бұл қадам сот шешімін орындауда үлкен үлес қосып, сот шешімін орындамай жүрген борышкерлерді жауапқа тартуға үлкен серпін беріп, басқа да борышкерлерге ескерту  ретінде үлкен сабақ болғаны сөзсіз. Қорыта айтқанда, қоғамымызды алимент төлемейтін борышкерлерден біржола тазартып, азаматтардың құқықтық сауатын түрлі жолдармен ашу үшін ерінбей еңбек ете береміз. 

Жеке сот сот орындаушылар институтын дамыту үшін,  облыстық әділет депаратментінің аймақтық жеке сот орындаушылар палатасымен бірігіп, сот шешімін орындауды жақсарту жөнінде шаралар жүргізіп, бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар беріп түрлі жұмыстар атқаруда. 

Елбасымыздың «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындап,  дамыған  30 елдің қатарына кіруі үшін әрбір азамат қолдап, алға қадам басуы керек деп есептеймін.

А. САРТОВА, 
облыстық әділет департаментінің  жеке сот орындаушылардың қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы