ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ НӘТИЖЕСІ ТОЛЫМДЫ

Уақыты: 08.08.2019
Оқылды: 834
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

2014 жылы ҚР Қаржы министрлігінің Салық және кедендік бақылау комитеті бірігіп, Мемлекеттік кірістер комитеті болып қайта құрылды. Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің құрылымына 20 аумақтық басқарма, «Достық» кедені, «Алтынкөл», «Нұр жолы» және «Талдықорған» кеден бекеттері кіреді.


Мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеті – салықтардың, кедендік төлемдердің және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету, сонымен бірге өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Елбасы Нұсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қатысты 9 нақты қадам белгіленген, оның ішінде төртеуі салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсартуға бағытталған.

Осы орайда облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің атқарған жұмысын назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Аймақтан 2015 жылы мемлекеттік бюджетке 253,4 млрд. теңге жиналса, 2019 жылдың І жартыжылдығында 228,4 млрд. теңге, оның ішінде республикалық бюджетке 126,8 млрд. және жергілікті бюджетке 101,6 млрд. теңге түсім түсті. І жартыжылдықта мемлекеттік бюджетке кірістер бойынша жоспар 103,8%-ға орындалып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 32,3 пайызға немесе 55,7 млрд. теңгеге артық өсті. Биылғы жылы кедендік төлемдердің өсуі 36,8 млрд. теңгеге немесе 302,8 пайыз қамтамасыз етілді. (нақты 01.08.2018 ж. – 17,6 млрд. теңге, нақты 01.08.2019 ж.  – 53,4 млрд. теңге). Есепті кезеңде 816 салықтық тексеру жүргізіліп, 3 651,6 млн. теңге қосымша есептелген. Автоматтандырылған және қолмен камералдық бақылау шеңберінде 13 638,6 млн. теңге сомаға 2 247 хабарлама шығарылды. Тексерістердің нәтижесі бойынша акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау мақсатында 70 284 шөлмек алкоголь өнімі, 182 200 дана темекі өнімдері (9 100 қорап) алынып, 12,2 млн. теңге айыппұл салынды.

Мемлекеттік кірістер органдары 45 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді, оның ішінде 28 салық және 17 кеден бағыты бойынша. Салықтық пен кедендік әкімшілендіруді және Мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың өзектілігін ескере отырып, біз электронды түрде мемлекеттік қызметтерді көрсету үлесін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударамыз. Оның дәлелі 874 330 мемлекеттік қызметтің жалпы санынан 776 085 немесе 88,5% электрондық нысанда берілді. Бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) қолдануды міндеттеуге байланысты 2015 жылдың шілдесінен бастап деректерді беруді тіркеу функциясы бар  бақылау-кассалық машиналарға көшу басталды. БКМ-ге көшу 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталуы тиіс. Қазіргі таңда 22 261 салық төлеуші 633 қызмет түрі бойынша онлайн БКМ-ге көшті. Жалпы алғанда онлайн-БКМ қамту үлесі ҰЖ жалпы санының 70,9%-ын құрады.  

Евразиялық экономика одағына мүше мемлекеттермен 2019 жылдың 1 жартыжылдығында импорттық операциялар жүргізілді:
– Ресей Федерациясымен – 427 салық төлеуші (77,8 пайыз);
– Қырғыз Республикасымен – 53 салық төлеуші (9,6 пайыз);
– Беларусь Республикасымен  – 68 салық төлеуші (12,4 пайыз);
– Армения Республикасымен – 1 салық төлеуші (0,1 пайыз)

2019 жылдың І жартыжылдығында өткен кезеңінде жүргізілген камералдық бақылау, есептілікті және электронды шот фактураны уақтылы ұсынбаған, қосылған құн салығын уақтылы төлемеген, көшірмесіне жол берген салық төлеушілерді өңдеу есебінен 84 693,2 мың теңге сомаға қосымша резервтер қамтамасыз етілді. Жамбыл ауданы мен Алматы қаласы аумағында қырғыз арқылы Қытайдан импортталған тауарларды ұстау, сондай-ақ, Евразиялық экономика одағы елдерінен әкелінетін тауарлардың нақты көлемі мен ассортиментін белгілеу бойынша бірлескен бақылау іс-шаралары ұйымдастырылды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде облстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп жалпы сомасы 29,2 млн. теңгеге тауарлар бар 4 жүк автомобилін заңсыз импорттауға қатысы бар күдікті ұсталды, қазір материалдар Алматы облысының экономикалық тергеу департаментіне берілді. Сонымен бірге 156202 транзиттік декларация ресімделді, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 24,3 пайызға артық. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған көлік құралдарының саны 151 857 бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 21,5 пайызға артты. Кедендік бақылау нәтижелері бойынша кедендік транзит рәсімі бойынша 9 қылмыстық құқықбұзушылық дерегімен 62,9 млн. теңге айыппұл сомасына 397 әкімшілік іс анықталды.

Тауарларға ресімделген декларациялардың жалпы саны 13 804 құрады, өткен жылмен салыстырғанда ТД ресімделген көлемі 2,4 есеге артты. Тәуекелдерді басқаруды бақылау жүйесі (ИМ-40) процедурасы бойынша ресімделген тауарлардың жалпы салмағы есепті кезеңде 426,045 мың тоннаны құрап, 2,4 есеге өсті.  ИМ-40 ұсынымы бойынша кедендік тексеру жүргізілген тауарларға арналған декларациялар саны 2 982 құрады, 2 599 құқықбұзушылық анықталды, анықталу үлесі (тексеру тиімділігі)  87,2 пайызды құрады (2018 жылдың 1 жартыжылдығында – 1087 ДТ, құқықбұзушылықтар – 151, анықталу үлесі – 14,0 пайызды құрады).

Инспекциялық тексеріп қарау комплексі арқылы сканерленген көлік құралдарының жалпы саны 111 016 бірлік. Бұл ретте 764 құқықбұзушылық анықталды, олар бойынша 159,7млн. теңге қосымша есептеудің жалпы сомасы, 41,2 млн. теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды, анықтау үлесі (тексеру тиімділігі) 61,8 пайыз. Департаменттің кеден бекеттерін өткізу пункттері арқылы 1 112 644 жеке тұлға кедендік шекарадан өтті. 191,5 млн. теңге сомасына кедендік төлемдер өндірілді, бұл өткен жылға қарағанда 163,8 млн. теңгеге артық.

Салық бойынша берешекті азайту мәселесі ерекше бақылауда. Мәселен, 01.07.2019 жылы берешек  9 491 млн. теңгені құрады, бұл ретте тоқсан басымен оның 5 105 млн. теңгеге төмендеуі қамтамасыз етілді. 01.07.2019 жылғы жағдай бойынша салықтар бойынша бересі 6 410 млн. теңгені құрады, ағымдағы жылдың  2 тоқсаны басталысымен 4 341 млн. теңгеге төмендеді. Бересі 741 млн. теңге сомасында ақшалай қаражатпен өндіріп алу, дебиторлар есебінен 171,0 млн. теңге, аукционда мүлікті сату 43,3 млн. теңге және банкрот деп тану арқылы 4 222,5 млн. теңге сомаға төмендеді.

Департамент облыстың салық базасына талдау жүргізді. Осыған байланысты 2019 жылға арналған Алматы облысының жергілікті бюджетіне түсетін қосымша түсімдерді қамтамасыз ету бойынша уәкілетті және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді, ол 09.07.2019 жылы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовпен бекітілген, ол бойынша жұмыс нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Мемлекеттік кірістер департаменті алдағы уақытта да мемлекеттік бюджет жоспарын орындау бойынша қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін тиімді салықтық және кедендік бақылаудың барлық шараларын қолданады.

Төлеген СӘРСЕМБАЕВ,
 Алматы облысы бойынша 
мемлекеттік кірістер 
департаментінің басшысы