"Дәл солар кінәлі": Орманшының жұбайы Президентке шағым айтты

Уақыты: 11.06.2023
Оқылды: 1536
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Президентпен кездесуде алапат өрт салдарынан қаза тапқан Алексей Губаевтың жұбайы Татьяна Будюк Мемлекет басшысына қызмет барысында күйеуінің орманда жеке көлігімен неліктен болғаны туралы сұрақ қойды, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Massaget.kz сайтына сілтеп.

"Неге менің күйеуім орманда неліктен өзінің жеке көлігімен болды? Неге орман шаруашылығында үнемі ештеңе жоқ. Олардың көлігі үнемі жүрмейді. Неге орман шаруашылығының директоры күйеуімнің жұмыстан шығу туралы арызына қол қоймады? Олар бұл арызды көрмегендей сыңай танытты. Менің жеке ойымша, дәл солар кінәлі" деді Татьяна Будюк.

Ол сонымен бірге Президентке баласы әкесін іздеп жатқанын айтып, кредитті қалай төлейтінін, сатып алғалы жатқанына үйіне жөндеу жұмыстарына қайдан ақша табатынын сұрады.

Тоқаев бәрін түсінетінін және көмектесетінін айтты.

"Түсінемін, сіз күйеуіңізден, асыраушыңыздан айырылдыңыз. Бала қалды. Сондықтан көмектесемін деп айттым. Жағдай шынымен де күрделі. Мен бәрін түсінемін. Мен басқа планетада тұрмаймын ғой. Мен сіздермен біргемін", - деді Тоқаев.

Фото: видеодан алынған кадр