"ПРЕЗИДЕНТТІК ХАБАРЛАМА". ЖЕР СІЛКІНІСІН ЕСКЕРТЕТІН ЖҮЙЕ СЫНАҚТАН ӨТТІ

Уақыты: 31.05.2024
Оқылды: 439
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Бүгін түсте Android операциялық жүйесі бар мобильді құрылғыны пайдаланатын Алматы тұрғындарына «Президент хабарламасы» келді.


Сағат 12:00–де Android операциялық жүйесі бар мобильді құрылғыларды пайдаланушылар қазақ, орыс және ағылшын тілінде хабарлама алды.

Онда «Алаңдамаңыздар. Халықты хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізіліп жатыр», «Не беспокойтесь. Проводится проверка системы оповещения населения», «Remain calm. The public alert system is being tested» деп жазылған. 

Бұған дейін 31 мамырда Алматыда Mass Alert төтенше жағдайды жедел құлақтандыру жүйесі іске қосылатынын жазған болатынбыз. 

Алматы әкімдігі атап өткендей, Mass Alert жүйесінің SMS-ке қарағанда бірқатар артықшылығы бар.

Хабарлама мобильді оператор желісіне қосылған, сондай-ақ жеке таңдалған географиялық аймақтағы барлық абонентке келеді.

Сонымен қатар, жүйе желілердің шамадан тыс жүктелу жағдайында жұмыс істейді.

Cell Broadcast технологиясының басты артықшылығы — қамту аймағындағы барлық абонентті бірден әрі жаппай ескертеді.