Балалар тарихи орындарды аралауға аттанды

Уақыты: 01.06.2024
Оқылды: 431
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

1 маусым  Балаларды қорғау күніне орай Талдықорған қаласынан 250 оқушы облыстың тарихи орындарын саяхаттауға аттанды. Оларды ата-аналары орталық алаңнан сән-салтанатпен шығарып салды. Балалардың сапарына тілегін білдірмекке облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев келді.

"Сәлем, Жаз  2024" жазғы сауықтыру лагерлерінің ашылуына аудан мен қала мектептерінің жеткіншектері қатысты. Салтанатты жиынды Оқушылар сарайының "Унисон" вокалдық тобы "Бақыт" деген әнімен бастады.

Шара шеңберінде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы балаларды бүгінгі мерекемен құттықтап, сәт-сапар тіледі. Сонымен қатар жазғы демалыста оқушардың таным көкжиегінің кеңейюі үшін әртүрлі шаралар ұйымдастырыла беретінін атап өтті.

Әкім орынбасарының сөзінен кейін балалар суретке түсіп, өздері үшін бөлінген көліктерге отырып жолға шықты.

Айта кетейік, бұл шара облыс әкімінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Медет ЖҰМАБАЙ
Суретті түсірген Жеңіс Ысқабай