ТАЛАПТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН

Уақыты: 09.06.2024
Оқылды: 420
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Кейде ұрпақ тәрбиесінің солқылдақ тұсын сөз етеміз деп дарындылардың төккен тер, еткен еңбегін, жетістігі мен жеңісін айшықтауды ұмыт қалдырамыз. Талаптың тұлпарын мініп қатарластарынан озып жүрген оқушыларды да бір сәт желпінте жазып, жетістіктерін паш еткен жөн.

 «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығының мәліметіне сүйене отырып, мерейленген мәресүйгіш жас өскіндердің жалпы көрсеткішін атап өтуді жөн санадық.

Жалып алғанда шығармашылық бағыты бойынша облыстық деңгейдегі шараларға мыңнан атстам оқушы қатысса, соның 47 пайызы жүлделі орыннан көрінген.  Ал республикалық деңгейдегі шараға облыстың 78 оқушы қатысып, оның 30-ы жүлделелер қатарынан табылды. Мәселен, бас жүлде мен 1, 2 орындардан 10 оқушы көрінсе, қалғаны 3 орынды қанжығалаған.

Ал Жетісу облысының 2 имидждік байқаулары – «Кемел Тоқаевтың қазақ әдебиетіндегі рөлі» және жасөспірімдер арасында Бейсен Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқауы жүйелі өтіп тұратынын да айта кеткен дұрыс. Бұл байқаулар оқушылар арасында үлкен қызығушылық тудырған. Екі байқауға облысымыздан 190 оқушы қатысып, өздерінің шығармашылығы мен креативтілігін көрсете алған.

Бұл орайда республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауы да ел жастарының есімін айшықтауға бірден-бір жол болғанын еске саламыз. Ілияс оқуларының республикалық кезеңіне облыстық байқаудан жеңіп шыққан 8-11 сыныптын 89 оқушысы қатысып, 45-і жүлделі орындарды иеленген.

АРДА БИ