АУРУХАНА, ЕМХАНА, УНИВЕРСИТЕТТІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ ЖАҚСАРАДЫ

Уақыты: 11.06.2024
Оқылды: 371
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

 

 

 

Премьер-министр Олжас Бектенов ауруханалардың, емханалардың, университеттердің материалдық-техникалық базасын жақсартатындығы жөнінде Үкімет отырысында айтты.


 

«Президенттің қолдауының арқасында, соңғы 5 жылда 400-ден астам денсаулық сақтау объектісі салынды. 261 млрд теңгеден астам сомаға медициналық жабдық сатып алынды. Қазірдің өзінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдық елді мекендерде жаңа объектілер салу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 556 объекті салынады. Дегенмен, әлі де көп нәрсе істелуі керек.
Ауруханалардың, емханалардың, университеттердің материалдық-техникалық базасын жақсартатын боламыз. Бұл пациенттер мен медперсонал үшін қажетті жағдай жасауға және емдеудің жаңа технологиялары мен әдістемелерін дамытуға мүмкіндік береді», — Олжас Бектенов.