КӨЛ АРНАСЫ ТАЗАЛАНДЫ

Уақыты: 11.06.2024
Оқылды: 340
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыстық Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері ел жауһары атанған Алакөл көлінле су асты тазалық жұмыстарын жүргізді.


Шомылу маусымы қарсаңында ұйымдастырылған акцияға облыстық ТЖД арнайы бригадасыкөлді күл-қоқыстан тазалап, арнасын қалыпқа келтіру мақсатында қызу жұмыс жүргізді.Нәтижесінде Балқаш көлінің 10 км. бойы, 5 метр тереңдікке дейін түрлі қоқыстан тазартылды.  Сүңгуірлер бірегей көл түбінен целлофан, пластик сынды 367 келі қоқыс шығарды.

«Атқарылып жатқан жоба аймақтық емес, мемлекеттік болуы тиіс. Алакөл көлінің табиғи байлығын жоғалтпай сақтап қалу – біздің парызымыз», – дейді мамандар.

 ТЖД сүңгуірлер көмегімен су астын қоқыстан арылтып, көз жауын алатын көгілдір көлге алыс-жақыннан ағылған  жазғы демалысын өткізушілерге қауіпсіз  ортада тазалықты қамтамасыз ететін болады. Осы арқылы көл суының асты ластанбауын қатаң қолға алған төтенше жағдай қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясы барысында жердің беті ғана емес, өзен-көл асты да назардан тыс қалмауы керектігін айтып, жетісулықтарды тазалыққа шақырды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ