ӨҢІРЛІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ КАРТАСЫНЫҢ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТАҒЫ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Уақыты: 12.07.2024
Оқылды: 246
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Талдықорған қаласындағы әкімдіктің мәжіліс залында қала әкімі Ернат Бәзілдің төрағалығымен «Өңірлік жұмыспен қамту картасының» Талдықорған қаласы бойынша жартыжылдық орындалу көрсеткіштері бойынша жиын өтті.


Жиында қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков Талдықорған қаласы бойынша «Өңірлік жұмыспен қамту картасының» орындалуы және өзекті мәселелер бойынша баяндамасын жасады.

Өз кезегінде, қала әкімі халықтың еңбекке жарамды үлесі мен олардың жұмыспен қамтылуы деңгейі қаламыздың әлеуметтік-экономикасы үшін аса маңызды екендігін жеткізді. Сондай-ақ, жұмыссыздықтың алдын алумен қатар жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларын күшейту керектігін айтып, жауаптыларға нақты тапсырма берді.

Жиынға мекемемен, кәсіпорын басшылары және полиция басқармасының өкілдері қатысты.