ҚАЛА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Уақыты: 12.07.2024
Оқылды: 350
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл 9 шағын ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап, абаттандыру тағы да басқа мәселелер бойынша мердігер компания өкілдерімен кездесіп, басталған жобаларға мұқият қарап, сапа мен мерзімді ұмытпау керектігін ескертті.


Бұдан бөлек, қала басшысы волейбол орталығының құрылыс жұмысында аралап өтті.

Сапаны бірінші кезекке қойған қала басшысы құрылыс нысанын аралау кезінде бірқатар кемшіліктерге назар аударып, жауаптыларға уақытылы жоюды міндеттеді.