16 оқушысы халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды

Уақыты: 23.07.2024
Оқылды: 396
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

2023-2024 оқу жылында «Дарын» РҒПО-ның жұмыс жоспарына сәйкес 3 халықаралық олимпиадаға қатысты.

Байқауларға барлығы 33 оқушы қатысып, оның ішінде 16 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олардың екеуінің «Түймаада» Халықаралық олимпиадасында бағы жанды.

Саха Республикасында «Түймаада» ХХХІ халықаралық олимпиадасы онлайн форматта өтті. Олимпиадаға «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары қатысып, Исатай Исмағзи информатика пәні бойынша І орын, 500 мың теңгеге сертификат және Әл-Тайыр Сайлаубай математика пәні бойынша ІІІ орын, 250 мың теңгеге сертификат және «Күрделі комбинаторикалық есепті шешуде оңтайлы тәсілді қолданғаны үшін» номинациясын иеленді.

"Жетісу-Ақпарат"