ЖАЛАҚЫ КӨТЕРІЛДІ

Уақыты: 22.01.2019
Оқылды: 1274
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

«Талдықорған акционерлік электр жүйелерінің тасымалдау компаниясы» АҚ Талдықорған өңіріне электр қуатын тасымалдау, тарату, электр желілері мен құрылғыларын жөндеу және пайдалану қызметтерін атқарады. Компания құрамына 11 аудандық электр торабы кіреді.

Қалай десек те Талдықорған өңірін электр жарығымен үздіксіз әрі сапалы түрде қамтамасыз ету оңай шаруа емес. Себебі, оның осы салаға тән өз қиындықтары бар. Мың бес жүзге жуық жұмыскер компанияда осындай жауапкершілігі зор істі мойынға алып, мінсіз атқаруға үлес қосып жүр. 
Елбасы  жұмысшылардың жалақысын көтеруге байланысты берген тапсырмасына орай, кәсіпорындағы қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында еңбеккерлердің еңбек- ақысын көбейту туралы басшылық шешімін «Жарық» бастауыш партия ұйымының мүшелері қуана қолдады. 
Осыған байланысты 41 штаттық бірліктің жалақысын республика бойынша бекітілген төменгі жалақы деңгейіне дейін көтеру мақсатында ішкі резервтен 2 млн. 998 мың теңге қаражат қарастырылып, қаңтар айынан бастап жалақысы төмен жұмысшылардың жалақысы көтерілді. Еңбеккерлер мұндай жақсылыққа өз ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарын одан әрі жауапкершілікпен атқаруға сенім білдірді. 

Нұржамал ӘБЕУОВА,
«ТАЭТК» АҚ «Жарық» БПҰ төрайымы