Ел тірегі - Елбасы

Уақыты: 11.12.2017
Оқылды: 1567
Бөлім: РУХАНИЯТ

Жуырда І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында 1 желтоқсан – ҚР Тұнғыш Президенті күніне арналған «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің «Елдігімді ұлықтаған Елбасы» атты концерті өтті.

Мақсаты айқын. Жас ұрпаққа Ұлт Көшбасшысының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, оларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған жерінің топырағын қадірлеп, қастерлеуге баулу.
Шараның шымылдығы арнайы әзірленген «Туған ел» биімен ашылды. Одан кейін «Құлансаз» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің репертуарынан жеке туындылар орындалып, дәстүрлі әуендерге шөліркеген көрермендердің шөлін қандырды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен бұл кеште Елбасының тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы жолында елі үшін еткен еңбегі, өмірбаяны баяндалды.
Концерт соңында жиылған көпшілік ұжымға алғысын айтып, ыстық ілтипатын жеткізді. Сахнаға шығып, гүл шоқтарын табыстады. Артынан естелік суретке түсіп тарқасты.

Мұхтар КҮМІСБЕК.