Әкімі ақынын іздеген ел бақытты

Уақыты: 29.12.2017
Оқылды: 1518
Бөлім: РУХАНИЯТ

Облыс  әкімі Амандық Баталов биыл халықаралық,  республикалық байқауларда  жүлдегер атанған  жас ақын-жазушы,  әртіс және спортшыларды қабылдап, құрмет көрсетті.  Басқосуда «Рух» әдеби байқауының жүлдегері Бақыт Беделхан:–  Кейде адамға бөз жәрдемнен гөрі, сөз жәрдемнің  көп әсер ететінін айта келіп, маңдайдан сипап, арқадан қағатын ағаларының барына ризашылығын білдірді. Ал, «Алтын тобылғы» әдеби байқауының лауреаты Бейбіт Сарыбай  Мұқағали, Еркін, Сағат Әшімбаев сынды тұлғалар дүниеге келген  Нарынқол өлкесін қайта түлетіп, аудан дәрежесін қайтарып бергені үшін облыс басшысына ел-жұрттың атынан алғыс білдірді. Ол ауданнан шыққан танымал тележурналист Арман Ысқабыл бастаған азаматтардың елге қайтып келуге жиналып жатқанын айтты.  «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері  Жандарбек Бұлғақов: – Ел бастаған ағамыз сіз болсаңыз, қасыңызда еріп жүрер ақын-жыршы, балуандарыңыз біз боламыз» – деп інілік ілтипат танытты. Басқосу барысында  Амандық Баталов өзі де өлең оқып, рухани әлемге жақындығын байқатты.  Ол сыртта жүрген  өнер, спорт майталмандары елге қайтамын десе билік тарапынан барлық жағдайдың жасалатынын айтты.

Мақаның толық нұсқасын газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Гүлжан Мұқашқызы