Елде енді 63 өнер мектебі бой көтереді

Уақыты: 27.08.2024
Оқылды: 288

Оқу-ағарту министрлігі 2023-2027 жылдар аралығындағы Жол картасы аясында 100 қосымша білім беру нысанының құрылысы жоспарланып отырғанын жеткізді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Дәлірек айтқанда, енді елде 37 оқушылар сарайы мен 63 өнер мектебі бой көтереді.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оның ішінде кезең кезеңімен 2023 жылы 9 оқушылар сарайы, 2024 жылы — 13, 2025 жылы — 20, 2026 жылы — 24, 2027 жылы — 34 нысан пайдалануға беру жоспарланған.

Құрылыс балаларға арналған өнер және шығармашылық саласында білім берудің қолжетімділігі әрі сапасын арттыруға баса назар аудара отырып, кезең-кезеңімен жүргізіледі, – деп толықтырды ведомство.

Фото: iapn.kz