ҮШТӨБЕДЕ ҮШ ЖАСАР БАЛАНЫҢ АЯҒЫ ЖЫЛУ БАТАРЕЯСЫНА ҚЫСЫЛЫП ҚАЛДЫ

Уақыты: 28.07.2021
Оқылды: 705
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қаратал ауданының төтенше жағдай қызметкерлері үш жасар балаға көмек көрсетті. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Таңғы сағат 10.00-де Алматы облысы төтенше жағдай департаментіне Үштөбе қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жылыту батареясының арасына баланың аяғы қысылып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақыру орнына келген Қаратал ауданының төтенше жағдай бөлімі мен Үштөбе қаласының №18 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері жедел құтқару операциясына кірісті. Сағат 10.23-те ортақ күш-жігермен, қандай да бір жарақатсыз баланың аяғы батареядан сәтті босатылды.

Алматы облысының ТЖД қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында ата-аналардан балаларын бір минутқа да қараусыз қалдырмауды сұрайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"