Мешітке келген жастарда сақал мен тоқалдан басқа проблема жоқ – Нұрлан имам

Уақыты: 14.05.2024
Оқылды: 457

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы мереке күндері еліміздегі әскери бөлімдердің бірінде сарбаздармен кездесу өткізді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Qaz365.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

Ол еліміздің тыныштығын күзетуде әскерилердің ерекше рөлін атап өтті. Сонымен қатар көпшілікті қызықтырған сауалдарға жауап берді. 

«Қазір мешітке барған жастарда екі мәселе бар. Біреуі сақалды қалай өсіремін деп уайымдайды, екіншісі тоқал алумен басын қатырады. Сақал мен тоқалдан басқа проблема жоқ секілді», - дейді Нұрлан имам.

Желіде пікір жазғандар осыған қатысты да өз ойларын айтқан. 

«Сақал өсіремін деп гормон ішкен інімнің үстін жүн басты», «Бұл кісі көбін бұрмалап айтады», Нұрлан имам неге коррупция жәйлі айтпайсың?», «Нұрлан имам таза ислам дінін ұстанады», «Осылай сарбаздарға дұрыс айтқаны жақсы», «Өте тамаша айтты», - деген пікірлер бар.

Фото: esquire.kz