ТУРИЗМ САЛАСЫНДА КЕЗІГЕТІН ҚИЫНДЫҚТАР. БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ ШАҒЫМДАНДЫ

Уақыты: 27.02.2022
Оқылды: 1450
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті кедергілер жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді.

Кеңес отырысында "Фортуна және Ш" ЖШС өкілі сөз сөйлеп, қатысушыларды туризм саласына кіру кезінде шағын және орта бизнес өкілдері тап болатын кедергілермен таныстырды. Бұл - жер учаскесін, рұқсат құжаттарын, яғни, арнайы су пайдалануға, объектілерді электрмен жабдықтауға техникалық шарттарды алу, туристік қызметтер нарығындағы ықтимал монополиялар, сондай-ақ, энергетика саласындағы қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін жағдайлардың туындауы.

Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне осы саладағы проблемалық мәселелер мен кедергілерді шешу бойынша ұсыныстарды жіберу туралы шешім қабылдады.​

Тауар нарықтарындағы және бәсекелестікті шектейтін неғұрлым өзекті және өткір проблемаларды бірлесіп қарау және шешу мақсатында Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 78 мекенжайына немесе 8(7282) 24-28-16 телефоны бойынша хабарласуды сұраймыз. Егер сізде талқылау тақырыптары бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды мына электронды мекенжайға жіберуге болады: m.tursynbek@azrk.gov.kz.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"