ТАҒАЙЫНДАУ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ БАСҚАРМАНЫҢ БАСШЫСЫ АУЫСТЫ

Уақыты: 03.03.2022
Оқылды: 1339
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы әкімінің өкімімен екі басқарманың басшысы ауысты. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Қанат Болатұлы Есболатов ауылшаруашылық басқармасына, Диас Серікұлы Серіков кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына басшысы лауазымына  тағайындалды.

Қанат Болатұлы 1982 жылы туған. Білімі - жоғары. Д.Қонаев атындағы университетті заңгер, Қазақ ұлттық аграрлық университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы облысы Ескелді ауданында «Досанов К.С.» шаруа қожалығы төрағасының орынбасары болып бастады. Әр жылдары Алматы облыстық қаржы басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша біржолғы талондарды беру және есепке алу жөніндегі инспекторы, бас инспекторы, біржолғы талондарды беру және тіркеу жөніндегі аға инспекторы, «Magaron&K» ЖШС қаржы директоры, Ескелді ауданы Көкжазық ауылының әкімі, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары болды.

2017 жылдың желтоқсанынан Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болды.

Ал Диас Серікұлы 1988 жылы туған, білімі - жоғары. 2009 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін қаржы бакалавры, 2012 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін экономика және бизнес магистрі мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласында «ҚР Минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМҚ  инженері болып бастаған.

Әр жылдары Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ бас менеджері, Өнімділік-2020 бағдарламасы орталығының бас сарапшысы, директоры, осы АҚ-ның Қолдау құралдары орталығы директорының орынбасары, Өнеркәсіп және бәсекеге қабілеттілік орталығының директоры, «NADLoC» жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі Ұлттық агенттігі» АҚ Субконтрация және өнеркәсіп кооперациясы орталығы директорының орынбасары, «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Қолдау құралдары  орталығының директоры, Қолдау құралдарын дамыту және мониторингілеу дирекциясының басшысы  лауазымдарын атқарған. 

2021 жылдың сәуір айынан «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Стратегиялық жобалар мен коммуникациялар дирекциясының басшысы болды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"